Осы ареалдық белгілер болмай түрған
кездің өзінде көне
түркі диалектілерінде тараған көптеген сөз негіздері эуелде
басқа формаларға ие болған, ал қазіргі формалар ареалдық
фонетикалық нормалармен адаптацияланып дамыған. Автор-
дың пікірінше түркі тілдерінің
осындай қилы-қилы жолменда-
муы этимологиялық зерттеулерде ескерілуі керек.
Э. В. Севортянның мақаласындағы жете зерттелген мәсе-
ленің бірі - етістік-есім түбірлері. Автор түркі тілдері жал-
ғамалы болмай түрған кезеңде етістік-есім түбірлерінің омо-
формалары басым болған, бұған
көш
(етістік) -
көш
(зат есім),
той
(етістік) -
той
(зат есім) т. б. сөздер жатады деп көрсетеді.
Түркі тілдерінде мүндай 70 тен астам сөз бар. Бірақ жалпы
түркілік жән түркі аралық сөздердің этимологиясын жете ашса
мүндай
сөздердің саны өте көбеймек, ендеше этимологиялық
зерттеулерде осы қүбылыс кеңінен пайдаланылу керек деп
түйеді автор.
Э.В. Севортян
мақаласында
түркі-монғол
тілдерінің
арақатынасы
жөніндегі мәселеге тоқталып, бүл тілдерді туыс
екенін дәлелді түрде баяндайды. Сонымен бірге автор тунгус -
маньчжур тілдеріндегі сөздер негізінің 10%-іне дейін түркі
сөздерімен сәйкес келетіні айтады.
Түркі тілдеріндегі жеке сөздердің этимологиясын арналған
жоғарыда аталған түрколог ғалымдардың еңбектеріне біз мүнда
тоқталмаймыз, өйткені ол пікірлер осы сөздіктің ішінде орын
алды.
25
Казак тілі бойынша этимологиялық зерттеулер
Қазақ тілі бойынша жеке сөздердің
этимологиясы туралы
мақалаларды былай қойғанда, этимологияның принциптері,
зерттелу тәсілдері т. б. мәселелер жөнінде арнайы мақалалар,
«Қазак тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» жарық көрді47.
Жоғарыда аталған мақалалардың ішінде А.
Ысқақов пен
Н. Қарашеваның мақалалары этимологияның жалпы мэселе-
лері мен қазақ тілінің этимология сөздігін жасауға арналған.
А. Ысқақов бірінші мақаласында көптеген сөздердің этимо-
логиясын алтай тіл туыстығы тұрғысынан талдай келіп, былай
деп қорытындылайды:
«Сөздің
этимологиясын зерттегенде, эрине эрісі бүтіндей
төркіндес тілдердің, берісі зерттеліп отырған бір тілдің жүйесіне
лайық, ішкі даму заңдарына сәйкес бірте-бірте қалыптасқан
жалпы жэне жалқы заңдылыктар ерекше қадағалануы керек. Ал
нақтылы сөздің этимологиясын айқындауға келсек, біріншіден,
сөздің дыбыстық өзгерістеріне тэн заңдар,
екіншіден, сөздің
морфологиялық жүйесіне орай зандар, үшіншіден, сөздің
семантикалық жагынан даму заңдарын зерттеушінін үнемі
ескеріп отыратын жәйттері болуга тиіс» 48 „
Достарыңызбен бөлісу: