(көптік жалғауы)
элементтерінен жасалған. Парсы тілінде
аһан
-темірш і, ұста (Персидско-русский словарь. М , 1953, стр.
49). Тәжік тілінде
охан - темір,
оханғар - темірші, уста. Иран
тілдерінде
гар//гер/гор//қор мамандык жүрнағы екені белгілі.
Ал -
он -тә ж ік тілінде көбіне жанды заттарға жалғанып, көптікті
білдіретін жүрнақ: зан+он - әйелдер, асп+он - аттар, одам+он
- адамдар, кісілер (Таджикско-русский словарь. М , 1954, стр.
293, 536, 542).
Ахонгерен>Ангрен>Әңгірен
формасына, біздіңше, түркі
тілдері (өзбек, қазақ) арқылы түскен. Бастапқы буындағы екі
дауысты дыбыстың ортасындағы
х дыбысының түсіп қалуы
-түркі тілдері үшін заңды қүбылыс. Мәселен: какан//қаған>хан.
Ал гер+он>гірен өзгерісінің себебі
қазақ тілінде қатар тұрған
екі буында
е, о дыбыстары қатар айтылмайды. Ал
г жіңішке
дауыссыз болғандықтан,
е дыбысының
і түріне ауысуына, ал
осы гір буыны кері ассимиляция заңымен
он буынын
ен түріне
көшірген.
Павлодар облысындағы «Әңгіренсор» атауы «теміршілер
көлі, соры» деген мағынаны білдіреді. Ш ынында да бұл көлге
ертеде
темір шеберлері келіп жатуы, көшпелі қазақтарға
қызмет көрсетуі әбден ықгимал.
АҢЫРАҚАИ - Алматы облысы мен Жамбыл облысының
шекарасында орналасқан жота аты. Анархай деп аталатын
темір жол станциясы да осы атауға байланысты қойылған.
Ел ішінде бүған байланысты мынадай аңыз бар: «1723 жылы
қалмақтар қазактарды жеңіп, бүл жыл «ақгабан шүбырынды,
Алқакөл сұлама» атанғанымен,
кейін қазақтар бірігіп, осы жер-
де калмақтарды қирата жеңген екен, «аңыратқан» екен, содан
Аңырақай аталыпты-мыс».
Ғ. Қоңқашпаевтың пікірінше, бүл - монғолдың «ангархай»
(тау ішіндегі «сай, шатқал») деген сөзі. Монголияда бүл
сөздің
терминдік мәні бар және географиялық атау ретінде де кездеседі
(Г. Конкашпаев. Некоторые малопонятные географические на-
70
звания в
Казахстане. Сб.: «Вопросы географии Казахстана».
1962, вып. 9, 242 беті).
Біз сөз этимологиясын басқаша қараймыз, сондықтан мон
гол тілінің сөздіктеріне жүгінейік. Монгол тілінде онгорхой
- «ашық» деген сөз (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша
сөздік. Уланбатор, 1954, 130 беті), ал
бурят-монгол тілінде
«ангархай - открытый, растворенный, разинутый», «онгорхой -
1. щель, пробел, про свет, дыра; 2. открытый, зияющий, распах
нутый» (К.М. Черемисов. Бурят-монгольско-русский словарь.
М., 1951,56,370 беттері).
Біздіңше, осы сөздіктерде көрсетілген мағыналардың ішінде
бүған «ашық>> сөзінің магынасы келетін сияқты. Өйткені,
бұл, біріншіден, таудың (жотаның) аты,
сондықган тауды
Ғ. Қоңқашпаев айтқандай «сай, шатқал» деп атамаса керек.
Екіншіден, бұл жотаның ар жағы да, бер жағы да ашық жазық
болып келгендігін біз экспедицияда кезінде байқадық.
Ал сөздің этимологиясы түркі-монгол тіліне ортақ түбірден
дамуы ықтимал. Мәселен, зерттеуші Б. Орузбаева қыргыз
тіліндегі
аңырақай (открытый) сөзінің түбірі қырғызша
аң
(яма), осыдан
аңырай, аңқай (разинуть рот)
сөздері жасалган,
якут, маньчжур тілдеріндегі
аңа (открытый, отворенный) сөзі
де осы сөзбен бір түбірден деп қарайды. (Б. О. Орузбаева. Сло
вообразование в киргизском языке. Фрунзе, 1964, 138 беті).
К.К. Юдахин сөздігінде
аң сөзінің бірінші магынасы «яма, про
моина, обрыв (длинный)» деп беріледі де, «аңырақай» сөзі «что-
либо имеющее вид большой расщелины: большое пустое про
странство (напр. очень широкое ущелье)» деп түсіндіріледі (К. К.
Юдахин. Қиргизско-русский словарь. М., 1965, 58, 60-беттері).
Сөйтіп, сөздің түбірі конкретті мәнінде қыргыз тілінен та-
былса, одан жасалған
аңырай сөзі
қазақ тілінде, де бар. «Есік
аңырайып жатыр» деген тіркес «ашық жатыр» дегенді білдіреді.
Сөйтіп сөздің этимологиясын былай көрсетуге болады:
аң
Достарыңызбен бөлісу: