Из якутской топонимии. Сб. «Топонимика Востока». Новые
исследования. М., 1964, стр. 197). Бүл деректер де, біріншіден,
ар сөзі арқа, арт сөздерінің түбірі екендігін дәлелдей
түседі,
екіншіден, ар сөзі түркі-монғол тіл ортактығын айқын-
дай түседі.
Сонымен А рхат топонимінің бірінші компоненті түркі-
монғол тілдеріндегі ар - түбір сөзінен жасалған да, екінші хад
компоненті монғолдың жартас, тау мағынасындағы сөзінен
аталған.
А ЯКӨЗ (айтылуы: АЯГӨЗ)
- Семей облысындағы өзен, ау-
дан және аудан орталығының аты. Бүл атаудың этимологиясы
жөнінде С. Нүрқанов былай деп жазды: «Балқаш төңірегіне көз
тастаңызшы - Ай, Айқыз, Аягөз (ай-тайпа аты, гөз өгүз - су,
яғни ай (лар) суы) атауларын көресіз. Айрық, Айтағы (ай-тайпа,
тағы-тау) т. б. жер-су, тау аттарын үшыратамыз» («Қазақстан
мектебі», журналы, № 1, 1967, 76-6). Демек, С. Нүрқановтың
пікірі бойынша аякөз сөзі ай+өгуз (су) деген екі компонент-
тен тұрады. Көне түркі тілінде угуз - өзен екенін (Малов. Па
мятники древнетюркской письменности. M.-JI.,, 1951, 440
беті) ескерсек, бүл пікірдің бағыты тиянақтала түседі. Алай-
да С. Нұрқанов пікірінде біраз дәлсіздік бар. Мәселен, Айрық
топонимін бұл топқа жатқызу, біздіңше дәлелсіз сияқты, үйткені
бүл топонимнің түбірі - Айр (айыр), осыған ертедегі өнімді -ы қ
жүрнағы қосылу арқылы жасалған.
Бүл гидронимдердің ішіндегі көне формасын сақтағаны да -
осы Аягөз. Ал ай сөзі тайпа
атауы деудің өзі де қиын-ақ, өйт-
кені, бүл өлкедегі және жалпы қазақтың этностық қүрамын-да
ай деген тайпа немесе ру атын кездестіре алмадық. Ал осы Се
мей және Шығыс Қазақстан облыстарына көршілес жатқан Ал
тай автономия облысында А й, А й г а р ы , А й к ү л а қ , А й л ы -
О оз ы деген өзендер бар. Бүлардын бәрін Н. А. Баскаков пен Т.М.
Тощакова «луна, месяц» деп аударыпты (Н. А. Баскаков, Т.М.
Тощакова. Ойротско-русский словарь. М., 1947, 196 беті). Ал ай
76
сөзінің мағынасы осы авторлар айтқандай «луна» болуы да, не-
месе «кіші» болуы да ықгимал. Сонымен бірге көне Ай+угуз
атауы айға ұқсаған «жақсы өзен»
мағынасында да қолданылуы
мүмкін. Сондықтан ай компонентінің мағынасы әлі де анықтай
түсуді кажет етеді..
Қорыта келгенде, Аягөз гвдронимінің этимологиясы мы-
надай түрде болса керек: Ай (1 луна; 2. жақсы; 3. кіші?)+угуз
(өзен, су)>Айугуз>Аягөз.
А ТАСА Ғ¥Н - Жамбыл облысы мен Қырғызстанға шекара-
лас маңдағы тарихи қала аты. Б а л а с а ғ ұ н , Б а р с ы ға н атаула-
рын қараңыз.
БА ДА Л А РТ - Талас Алатауындағы
және қырғыз жеріндегі
асу аты. Бұл атау жөнінде М. Қашқари былай деп жазыпты:
«Бадаларт - Ош пенен Барсаған арасындағы бір жер, өтуі қиын
болған шоқы» (1, 373 беті). Бұл атау біздің ойымызша екі ком-
поненттен жасалған: бадал+арт,
Атаудың б а д а л деген бөлімі қырғыз тілінде бар: «бадал
1. заросли, мелколесье; 2. «кустарник» (К. К. Юдахин. Киргизско-
русский словарь. М., 1965, стр. 92). Бұл сөздің мағынасы қазақша
«жыңғыл» дегенге келеді.
Ал атаудың екінші бөлімі ар т М. Қашқари еңбегінде асу
(перевал) мағынасында кездеседі (1, 78 беті, ПІ, 9 беті).
Шор, қырғыз тілдерінде де арт - «асу» деген сөз. Бүл тер
мин арқылы жасалған топонимдер Шорияда жиі ұшырайды
(Сб. «Языки и топонимия Сибири». Томск, 1966, 168 беті;
К.К. Юдахин. Киргизско-русский словарь. М., 1905, стр. 70-71).
А рт термині туралы Есекартқан (қараңыз) топонимінде толық
айтылған. Сонымен бұл атау екі сөзден жасалған.
Б адал
(жыңғыл)+арт (асу), яғни «жыңғыласу» дегенді білдіреді.
БА ДАМ - Шымкент облысы, Бөген ауданындағы жер аты.
Бұл сөз көршілес иран тілдерінен енген. Тэжік тілінде:
Бодом - миндаль, миндальный орех» (Таджикско-русский
словарь. М., 1954, стр. 74). Жергілікті жерде бұл жеміс бадам,
немесе түкті өрік деп аталады.
77
Тарихи қала аты Кани-Бадам да осы сөзбен түбірлес болуға
тиіс. Ал тэжік тіліндегі бодом сөзі қазақша бадам болып айты-
луы заңды,
өйткені ондағы о дыбысы - қазақ тіліндегі
о жэне
а
дыбыстарының ортасындағы тіл арты дыбыс (Сонда, 53 1 бет).
БА Й РА Қ Қ ¥М - Шымкент облысы, Арыс (?) ауданын-
да Сырдария өзенінің бойында орналасқан елді пункт аты.
Түрік, башқүрт, татар, үйғыр, қырғыз, өзбек, әзербайжан
тілдерінде байрақ сөзі «ту», «жалау» деген мағынаны білдіреді.
В. В. Радлов сөздігінде мынадай түсінік берілген: «1.
байрак
(Дж. В. Тркм.) - приз на бегах 2. байрак (Осм. ОТ) - 1) знамя,
штандарт, флаг, 2) маленький флаг» (Опыт словаря... Том IV,
Достарыңызбен бөлісу: