Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық



бет19/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық. Қазіргі таңда адамдарың рухани байлығы, олардың әлеуметтенуі көкейкесті мәселелерге айналып отыр, себебі олардың өмірлік бағыт-бағдарларын анықтайтын қоғамдық қатынастарға икемделуі, тұлға аралық қарым-қатынастары, ұлтаралық қарым-қатынастары гуманизм қағидаларына негізделуі тиіс. Адам баласының тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық ортасы, ұлттық салт-дәстүрлер, әлеуметтік ортасы көп әсер етеді. Кез келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана-сезімдері, ұлтжандылығы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі сияқты ұлттық ерекшеліктері болады.
Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық тіл арқылы іске асатыны анық. Тіл - адамдардың байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал басқа ұлт мәдениетімен танысу сол ұлттың тілін білу арқылы іске асырылады. Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде ана тілімен қатар шет тілдерінің де оқытылуы осы себептен. Шет тілдерді оқыту ол тек білім алу үшін емес, ол практикалық қажеттілік, ол заман талабы. Бірақ ұлттық сана-сезімнің дамуының іргетасы – ана тіліне деген сый-құрмет. Халық тағдырындағы тілдің маңыздылығын бағалауға, құндылығын арттыруға байланысты айтылған мынандай ұлағатты ойлар күні бүгінге дейін өзекті болып отырғаны баршамызға анық:
«Ана тілі – халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі» Ж. Аймауытов.
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ғ.Мүсрепов.
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. М.Әуезов.
Қазіргі дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісі барлық мәдениеттердің ықпалдасуына, ынтымақтастығына негізделеді. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі туындайды. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері бірігіп өмір сүруде. Өзіндік ұлттық ерекшеліктері бола тұра, олар бірі-бірімен қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, тілдік қатынасқа түсіп араласады. Осы қатынастар барысында ұлттық мәдениет, ұлттық діл айқын байқалады. Сол өзгешеліктерін сақтай отырып, әр ұлт өкілдері басқа ұлт өкілдерімен толеранттық қарым-қатынасты сақтаулары олардың білім беру мәселелеріндегі ортақ мақсатқа табысты жетулерінің кепілі деуге болады. Толеранттылық ұғымы латын тілінің «tolerantio» деген сөзінен аударғанда «шыдамдылық» деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық деген ұғым педагогикалық лексикада жаңадан қолданылған ұғымдардың бірі. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде толеранттылық ұғымы:
- қандай да бір қолайсыз, жағымсыз факторлардың ықпалына сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде алаңдаушылықтың жоқтығы немесе әлсіреуі;
- психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алу қабілеті ретінде қарастырылады.
Яғни, толеранттылық – шыдамдылық, сабырлық таныту, қызбалыққа салынбау, кез келген қиындыққа төзімділікпен қарау, барлық мәселелерді бейбітшілік жолымен шешуге тырысу деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық – фрустрациялық, стресстік жағдайларда ауыр сезімдерге бой бермей, психикалық тұрақтылықты сақтай алу. Толеранттылықты кейбір әдебиеттерде түрлі пікірлерге, ықпалдарға шыдамдылықпен қарау деп те түсіндіреді. Қиыншылық туғызатын жағдайларға сабырлықпен қараудың маңыздылығын түсініп, оны іс жүзінде сақтай алған адамдар көп жағдайларда ұтымды нәтижеге қол жеткізе алады. Халық даналығындағы «Сабыр түбі – сары алтын» деген мақалдың да жиі қолданылуы осы себептен. Ал осы идея жайлы француз педагогы Жан-Жак Руссо: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті» деген екен. Толеранттылық мұғалімдердің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Мұғалімнің толеранттылығының негізінде бір жағынан шынайы жағдайды дұрыс бағалай алу қабілеті, екінші жағынан шиеленіс жағдайлардан педагогикалық әдепті сақтап шығудың жолын алдын-ала анықтай алу мүмкіншілігі жатыр. Өз бойында толеранттылықты қалыптастыру – мұғалімнің маңызды кәсіби міндеттерінің бірі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

  1. Индивид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының айырмашылығы неде?

  2. Жеке тұлға ұғымының өзегі не?

  3. Жалпы адамзаттық құндылықтар дегеніміз не?

  4. Білім беру саласындағы ұлттық мәселелер қандай?

  5. Дүниежүзілік білім беру кеңістігі неден құралады?

  6. Ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтардың айырмашылығы неде?

  7. Көпмәдени тұлға дегеніміз кім?

  8. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

  9. Толеранттылық дегеніміз не?

2

№ 9
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет