Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет22/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
дарис-2

3)Белсенді қимыл-қозғалыс режимі адамның жұмыс қабілеттілігін арттыра түседі, қан айналысын жақсартады. «Мықты денеде мықты рух» - деп ағылшын педагогы Джон Локк айтқандай белсенді қимыл-қозғалыстар ой еңбегіне,жалпы адамның көңіл-күйіне тікелей әсерін тигізетіні анық. Жоғарыда аталған зерттеушілер эксперимент жүзінде лекцияның жүргізілу барысында аудиторияның бір жақ жартысындағы студенттерге сабақ кезінде орындарынан бес рет тұрып, бес рет отыруды ұсынған. Екінші жартысындағылар қозғалмаған қалыптарында отыра берген. Сонда «қозғалған топтағыларға» қарағанда «қозғалмаған топтағылардың» жіберген қателері шамалы болғаны мен көп екені байқалған.
Әрбір сағат ой еңбегімен айналысқан соң 5-7 минуттік үзіліс жасап, спорттық жаттығуларымен айналысыпденені шынықтыру пайдалы. Яғни, неғұрлым адам өз организмінің ерекшеліктерін біліп, ұдайы өзіне бақылау жасау арқылы өзін-өзі жетілдіріп отырса, соғұрлым оның танымдық еңбегі де жемісті болмақ. Әсіресе қазіргі кезде компьютер алдында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдар бұндай үзілістерді жиілетіп, денені сергітіп, көзді шынықтыру гимнастикаларын да жасап отырғандары абзал.
4) Тамақтану режимі. Халқымыздың «Ас – адамның арқауы» деп айтуының өзінде үлкен мән бар екенін аңғаруға болады. Тамақтанудың өзі адамның ауқаттануының, әлденуінің, денсаулығын жақсартуының негізі. Дұрыс тамақтанудың өзі адамның өзін жақсы сезінуіне, көңіл күйіне, сонымен қатар ой еңбегіне, жұмыс қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Тамақтану арқылы адам организмі қажетті витаминдер, белоктар, углеводтар, минералды заттармен қамтамасыз етіледі. Мысалы йод жетіспейтін болса адамның есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеттері тез төмендеп кететіні анық. Ең бастысы – тағамдардың рационының әр-түрлі болуы.
Көптеген адамдар үшін күрделі мәселелердің бірі – тамақтану мөлшерін анықтау. Балалық шақта, жасөспірімдік кезде организм өсіп даму үстінде болғандықтан көп және тақыл-тақыл тамақтану қажет. Ал ересек адамдарға күні бойы 3-4 рет тамақтанған жөн. Адамның тамақтану мөлшері жайлы шығыстың тәлімгер ақыны Жүсіп Баласағұнның:
«Ауру енер денеге артық жеген аспенен,
Мерзіміне жетпестен қартаяды жас денең» - деген өлең жолдары да артық желінген тамақтың адам ағзасына зиянды екенін дәлелдейді.
Таңертең ыстық ас ішіп, ұйықтар алдында аздап тамақтанған абзал. Тамақтану режиміне байланысты «Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты дұшпаныңа сыйла» деген мақал да жоғарыдағы ойдың дұрыстығын айқындайды. Өкінішке орай бұл ережелер өмірде өте жиі бұзылады, сондықтан аталған нұсқауларды меңгеріп қана қоймай, оларды өз денсаулығымыз үшін бұлжытпай орындауға тырысу қажет. Ал таңғы ыстық тамақты жеткілікті ішкен студент пен ештеңе ішпеген студентті салыстыра келгенде, соңғыларының білімді қабылдау деңгейлерінің төменірек болатындығы анықталған.
5)Уақытты дұрыс таңдау. Уақыт - өмірдің қай саласында болмасын ең маңызды өлшем. Уақыт - біздің таптырмас байлығымыз. Біреулер үшін уақыт өтпей қоятын сияқты, ал басқалары үшін уақыт зымырап өтіп бара жатады. Оның барлығы жасалып жатқан жұмыстың маңыздылығында, мән-мағынасында. Уақыт бізге тәуелсіз. Керісінше адамдар уақытқа тәуелді. Біз оны шегеріп немесе жылдамдатып немесе тоқтатып қоя алмаймыз. Уақытпен санасқан абзал. Мысалы кейбір студенттер күніне барлық сабақтарға да қатысып, қоғамдық жұмыстармен де айналысып, үйірме, клуб, спорттық секцияларға да қатысып, тіпті қосымша жұмыс істеп те үлгереді. Ал кейбіреулері дәл сол 24 сағат ішінде ештеңені жасап үлгермей жоспарларын келесі күндерге қалдырып, бір жұмыстың үстіне екінші жұмысты қабаттастырып жүреді. Неліктен? Алдыңғыларына сонша көп жұмысты атқарып тастау үшін тәулігіне бір-неше сағат артық беріліп қойған жоқ қой! Яғни мәселе адамның өз уақытын қалайша ұтымды пайдалана алатындығында. Адамзат тарихында уақытты үлкен нығмет ретінде санай отырып Яхия ибну Хубайра былай деген екен: «Барынша сақтауың тиіс ең бағалы нәрсе – ол уақыт. Бірақ байқаймын қолыңнан тез сусып кетіп жатқан нәрсе де сол».
Әсіресе уақыттың құндылығын адам өзінің күш-қайраты тасып тұратын, жігерлі жастық шағында бос өткізіп алмауы өте маңызды. Кейбіреулер қандай істің маңыздырақ екенін білмегендіктен уақыттарын теледидар алдында, телефонмен сөйлесуге, ұзақ уақыт құрбыларымен әңгімелесуге жіберіп алады да маңыздырақ істерге уақыттарын жеткізе алмайды.
Бұл мәселені әр студент өзіне қатысты зерттеу үшін бір апталық уақыттың қайда, қалай жұмсалатынын байқап көруіне болады. Ол үшін:
- Бір апта бойы әр тәуліктің қанша сағаты қайда жұмсалғанын жазып жүріңіз;
- Жоғарғы оқу орнындағы сабақтарға қанша уақытыңыз кететінін бақылаңыз;
- Сабақтан тыс уақыттағы уақытыңыз қайда жұмсалатынын бақылаңыз;
- Үй тапсырмасын орындауға қанша уақытыңыз кетеді;
- Ұйқыға қанша уақыт бөлесіз;
- Тамақтануға күнделікті қанша уақытыңыз жұмсалады;
- Күнделікті көлікпен жүруге қанша уақытыңыз кетеді;
- Демалуға қанша бос уақытыңызды жұмсайсыз.
Осы іс-әрекет түрлеріне тәулік уақытын қайта жоспарлап көріңіз. Уақытты қалайша үнемдеуге болады? Ол үшін оның қайда кетіп жатқанын зерттеп, рационалды, тиімді пайдалану жолдарын іздестіру қажет.
Уақытты тиімді пайдалану үшін:

  • Күн тәртібін құрастырып оны бұлжытпай орындауға тырысу;

  • Апталық жоспар құру;

  • Өзіндік талдау жасау, өзі-өзіне есеп беру қажет.

Уақыттың дұрыс жұмсалуын бақылау үшін мынандай «Өзіңді тани біл» деген тестке шынайы жауап беріп ұпай қойып шығуға болады:

    1. Бүгінгі істелетін жұмысты ертеңге ысыруға тырысасыз ба?

Ешқашан -1, кейде – 3, жиі – 5, әрқашан – 7 ұпай;

    1. Егер ештеңе істемеуге болатын болса, Сіз соған ұмтыласыз ба? Ешқашан – 1, кейде -3, жиі -5, әрқашан -7;

    2. Маңызды жұмысты орындамау үшін Сіз бір қосалқы жұмыстарды ойлап табуға тырысасыз ба? Ешқашан – 1, кейде -3,жиі – 5, әрқашан – 7 ұпай;

    3. Теледидар алдында шамамен қанша сағатыңызды өткізесіз?

1 сағатқа дейін 1;
1 сағаттан 2,5 сағатқа дейін -3,
2,5 счағаттан4 сағатқа дейін -5,
4 сағаттан артық – 7 ұпай.

    1. Сіздің ең жақсы досыңыз «хронофаг па?», яғни, біреудің уақытын алатын адам ба?

Жоқ -1, кейбір жағдайда -3, солай десе болады – 5, иә – 7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет