Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Адамның ой еңбегіне ықпал ететін жағдайлар



бет21/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Адамның ой еңбегіне ықпал ететін жағдайлар. Ой еңбегімен айналыспайтын адам жоқ деуге болады. Себебі ойлау операциялары арқылы адам баласы қоршаған әлемнің өзгешеліктерін, онымен өзінің байланысын, адамдармен қарым-қатынасын түсіне алады. Бірақ әр адамның жұмысының нәтижесі, сапасы түрлі себептерге байланысты әр-түрлі болады. Еңбектің бұл түрімен шұғылдану қабілеттілігіне түрлі ықпал ететін жайғдайларды атап өтуге болады.
1) Адамның жас және дербес ерекшеліктері. Адам баласы туғаннан бастап үлкендердің көмегімен біртіндеп қоршаған ортаға бейімделе бастайды. Үш айлық кезінен бастап-ақ бала түстерді ажырату, адамдарды түріне қарап тану, ойыншықтарын таңдау сияқты іс-әрекетерімен өзінің ойлау қабілетінің ерешеліктерін байқатады. 11-12 айлығында сөйлеу қабілеттері анықталып, өз бетінше жүріп үйренуге талпынады. Осы алғашқы әрекеттерінің өзі оның ойлауынсыз болмайтыны белгілі. Өсе келе бала жан-жағын бақылап үлкендерге «Неге?» деген сұрақтарды көп қоя бастайды, өзінің танымдық қызығушылықтарының кеңеюін байқатады. «Баланың мектепке дейінгі шағы ең маңызды кезең» деп атайды белгілі педагог К.Д.Ушинский. Оның ойынша осы кезеңде адам баласы өмірінің қалған кезеңдеріне қарағанда өте көп нәрсені есіне сақтап алады екен.
Ал мектеп балалардың ой-санасын жүйелі түрде ғылыми тұрғыдан дамытатын маңызды сала есептеледі. Бірақ орта білім беру мекемелерінде балалардың ой еңбектері көбінесе мұғалімнің басшылығымен ғана жүргізіледі. Ал жоғарғы сыныптарда немесе жоғарғы оқу орнында адам бойында өз бетінше білім алуға деген құлшыныс көбірек байқалады. Адамның ойлау қабілеттілігі, дарындылығы өмірінің әр-түрлі кезеңдерінде көрініс беруі мүмкін. Кейбір адамдар бала кезінен аса зор ақылдылығымен көзге түссе, басқалары қартайған шағына дейін шығармашылық қабілеттерімен елді таңырқатады. Мысалы, белгілі ғалымдар Паскаль, Лейбниц, Гаусс бала кездерінен бастап математикалық қабілеттерімен танымал болған екен. Моцарт 3 жасында музыкалық қабілетінің дамығанын көрсеткен екен. Ал Ландау 24 жасында теориялық физика кафедрасын басқарған, Ньютон 25 жасына толмай тұрып тартылыс күшін ашқан, Джоуль, Гельмгольц сынды ғалымдар 28 жастарында энергияның сақталу заңын ашып болған. Сонымен қатар адамның ақыл-ой қабілеті жасы ұлғайған шақтарында да шарықтап тұруы мүмкін. Оған дәлел ретінде дүние жүзіне аттары әйгілі Диоген, Демокрит, Тициан, Микеланджело сексеннен асқанда шығармашылық белсенділіктерін танытқан. Лев Толстой - 82, Виктор Гюго – 83, академик Павлов – 87, микробиолог Гамалея – 90, Бернард Шоу - 94 жастарына дейін белсенді танымдық, шығармашылық іс-әрекеттермен айналысып мойымағандары белгілі.
Жас ерекшеліктерімен қатар адамдардың дербес ерекшеліктері де көп роль атқарады. Кейбір адамдарда ой еңбегіне деген аса үлкен қабілеттілік, дарындылық байқалады. Адамзат тарихында ондай зерделі де талантты адамдар жеткілікті. Мысалы, Александр Македонский 30000 әскерлерінің түрлерінен танып аттарын жатқа білген, керең болып қалған Бетховен барлық әлемге әйгілі керемет музыкалар шығарған, дарынды математик Леонард Эйлер есепті есте сақтауда жұртты таң қалдырып отырған, белгілі шахматшы Алехин бір уақытта 30-40 қарсыласымен қатарынан шахмат ойнай алған. Бұл мысалды ұзағынан жалғастыра беруге болады. Ондай дарындылық танытқан адамдар өткен ғасырларда ғана емес, біздің заманымызда да жеткілікті. Гиннестің рекордтар кітабының өзі адам қабілеттерінің алуан түрлілігін сипаттайды.
2) Адамның ой еңбегінің нәтижесіне ұйқының әсері. Адам ұйықтаған уақытында оның миы тынығады. Сондықтан ой еңбегінің нәтижесіне адам ұйқысының әсері зор. Бірақ тым көп ұйықтай беру де адамның танымдық қабілетіне кері әсер етуі мүмкін. Осыны дұрыс ажырату үшін әр адам өзінің үйықтау уақытының физиологиялық нормасын анықтап алғаны жөн. Ой еңбегі адамдардан ұзағырақ ұйықтауды қажет ететіндігі белгілі. Себебі еңбектің бұл түрі дене еңбегіне қарағанда әлдеқайда күрделірек. Үлкен адамдарға қарағанда жастар көп ұйықтауды қажет етеді.
Жастардың ұйқыға бөлетін уақыттарын зерттей келе Герцен атындағы Ленинградтық мемлекеттік педагогикалық институдында көптеген топ студенттерінің ұйқыларының физиологиялық нормасын анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген. Экспериментке қатысқан студенттердің ұйықтау нормасы тәулігіне 6-дан 9 сағатқа дейін ауытқитындығы анықталған. Ұйықтау нормасын кез келген студент өзі үшін анықтап алғаны абзал. Ұйқының физиологиялық нормасын анықтау үшін студент жазғы каникул кезінде шамамен екі аптадай қанша ұйықтағысы келсе, сонша ұйықтап, өз еркімен оянып жүруі тиіс. Екінші аптаның соңында адам өзінің физиологиялық нормасында он бес минуттік дәлдікке дейін «ояна» алатындығы анықталған. Әрине, бұл экспериментті адам дені сау, өзіне үйреншікті, қалыпты жағдайда жасауы керек. Себебі кейбір адамдарда денсаулығына, психикалық жағдайына, географиялық климаттың өзгеруіне байланысты ұйқылары да өзгермелі болуы мүмкін.
Осы экспериментті әрі қарай жалғастырып зерттеушілер ұйқының қанбауының адамның жұмыс қабілеттілігіне тигізетін теріс әсерін анықтаған. Сонда физиологиялық нормадан 1 сағат ерте оянған адамның жұмыс қабілеттілігі 20 % -ке дейін төмендейтінін байқаған. Сонымен, ұйқыны қандыру адамның дұрыс ойлауына, миының тынығуына, ой еңбегіне әсер ететіні сөзсіз. Бірақ қай адам қанша ұйықтайтынын күнделікті мұқият бақылау арқылы біліп отыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет