Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Мұғалімді тыңдау барысында мынандай шағын кеңестерді ескерген жөн



бет26/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Мұғалімді тыңдау барысында мынандай шағын кеңестерді ескерген жөн.
- баяндалып жатқан материалдың мақсатын түсініңіз;
- жаңа материалды өткен материалдармен байланыстырыңыз;
- мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдап оның айтқанының жоспарын ойша құрастырып отырыңыз;
- ең маңызды жерлерін ажыратып басты мәселелерді ғана есте сақтауға тырысыңыз;
- тыңдау барысында мұғалім айтпаса да түртіп жазып отыруды әдетке айналдырыңыз;
- мұғалім қойған сұрақтарға, ұйымдастырған әңгіме мен пікірталасқа, белсене қатысып отырыңыз;
- сұрақ қойып отыруға үйреніңіз;
- жиі кездесетін сөздерді, терминдерді, сөз тіркестерін қысқартып жазуға, шартты белгілерді енгізуге дағдыланыңыз (мысалы «Жеке тұлға» - Ж/т, «Педагогика» - П.);
- дұрыс тыңдауға жаттығыңыз,
Студенттердің басым көпшілігі лектордың айтқанының барлығын бір сөзін қалдырмай жазып алуға тырысады. Осылайша олар лекцияны диктантқа айналдырып жібереді. Сонымен қатар қалып қойған жерін мұғалімнен қайталап сұрап лекция барысына бөгет жасайды. Осыған орай студенттерге лекция барысында түртіп жазудың үлгісін көрсетуге болады.
Лекция уақыты …………,
Лекция тақырыбы «……...»,
Лектор ……………………….



Негізгі ойлар, лекциядағы маңызды фактілер

Өзіндік ойлар

Лекторға сұрақтар



Қолданылған әдебиеттер

Лекцияны баяндаудың логикалық
құрылымы

1
2
3…
















Бірінші курстан бастап осындай кестені құрып оны толтырып отыруға дағдыланған студент тыңдалған материалды ойша талдай отырып тез есте сақтауға мүмкіншілік алады. Жоғарғы оқу орындарында лекциялармен қатар семинар сабақтары жиі жүргізіледі. Семинар сабақтарында студенттер өздігінен әдебиет көздерін зерттеп, нақты бір тақырып бойынша білімдерін жетілдірулері қажет. Семинар сабақтарына дайындалып қатысу үшін мынандай кеңестерді ескерген жөн:
- берілген тапсырманы бірнеше рет қайтара оқып, оның сұрақтарының барлығын түсініп есте сақтап алуға тырысыңыз;
- тапсырмада көрсетілген кітаптар мен оқу құралдары бойынша қажетті материалдарды іздестіріп тауып алуға тырысыңыз;
- материалдармен танысу өзіңіз жауап іздестіріп отырған сұрақтар бойынша қажетті мәліметтерді қысқаша конспектілеп алуға немесе қарындашпен белгілеп отыруға болады;
- тапсырманың барлық сұрақтарына ауызша жауап беріп көріңіз;
- семинар сабағында конспектінің көмегімен жауап беріп көріңіз, бірақ конспектіні толық оқып беру дұрыс емес, оны тек бір ойларыңызды дәлелдеу, негіздеу үшін ғана қолдануға болады;
- басқа жауап берушілердің де пікірлерін жақсылап тыңдаңыз, оларға ой қосып, толықтырып отырғаныңыз жөн;
- түсініксіз жерлеріңіз болса қысылмай сұрақ қойып анықтап алыңыз.
Ой еңбегімен айналысу барысында, оқулықтар мен қатар әр студент Интернет жүйесінде жақсы жұмыс істей алуы керек. Интернет жүйесі ХХI ғасырдағы ақпараттық қоғамның ең басты құралдарының бірі. Интернетте ғылым, білім, өнер, экономика, спорт, мәдениет, салалары көрініс табады. Білім беру саласында бұл жүйе көмегіне сүйенбейтін адам сірә жоқ шығар. Интернет жүйесі үлкен көлемдегі ақпараттарды таратуда, әлемдік деңгейде әр мемлекеттер арасында ақпарат алмасуда мүмкіндіктері шексіз. Мысалы, бір тақырып бойынша аз уақыт ішінде мыңдаған сайттарды тауып алуға болады. Бірақ компьютердің алдында ұзақ отыру адам ағзасына зиянды екенін ұмытпай есіңізде сақтаңыз.
Ой еңбегінің тағы бір түрі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы. Ғылыми ізденістік жұмыстардың қазіргі өндірістік іс-әрекетте маңыздылығы жоғары. Ғылыми жобаларды құру студенттердің болашақ мамандықтарын жақсы меңгеруге көмектеседі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылыми жетекшінің басшылығымен, кеңестерімен, көмегімен жүргізіледі. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу үшін арнайы зерттеу журналын бастауға болады. Ол журналда зерттеу жұмысының төмендегідей негізгі құрылымдық компоненттеріне көңіл аударылып, анықталулары қажет:

    1. Зерттеу тақырыбы.

    2. Кіріспе.

  • зерттеудің көкейкестілігі;

  • зерттеу мәселесі;

  • зерттеу болжамы;

  • зерттеу пәні;

  • зерттеу нысанасы;

  • зерттеу мақсаты;

  • зерттеу міндеттері;

  • зерттеу кезеңдері.

    1. Негізгі бөлім.

Зерттеудің күнтізбелік жоспары (жетекшімен бірігіп бір айға, немесе бір аптаға жоспар құру, маңызды даталарды белгілеу).

    1. Эксперимент, эксперимент әдістері және нәтижелері.

    2. Орындалған жұмыстарды талдау, тұжырымдар жасау.

    3. Қорытынды.

    4. Түйін.

Зерттеу жұмысымен айналысу, әрине, қызықты да күрделі жұмыс. Оның негізгі мәселелері, нәтижелері мақала ретінде сол сала бойынша газет-журналдарда жарияланып, баяндама ретінде конференцияларда оқылып көпшіліктің назарына ұсынылады. Бірақ сол зерттеудің нәтижелері бойынша баяндама жасап басқа адамдарды таныстыру одан да күрделірек деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет