Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің ой еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет24/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің ой еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктері. Болашақ маман өзінің ой еңбегін ұйымдастыру барысында оның гигиеналық негіздерін, ол еңбекті жоспарлау, өздігінен білім алу, кітаппен жұмыс істей алу, мұғалімдер беретін дәрісті дұрыс тыңдау, өздік жұмыстарды орындау, семинарларға, конференцияларға, олимпиадаларға, интеллектуалдық сайыстарға дайындалу ерекшеліктерін білуі қажет. Бұл тұрғыда ғылыми ақпараттарды іздестіруде Интернет маңызы да зор.
Адамның іскерліктері оның іс-әрекетінің табыстылығының көрсеткіштерінің бірі. Іскерліктер – адамның білімдері мен дағдылар жиынтығымен қамтамасыз етілетін іс-әрекеттерді орындау тәсілдері. Ал білім беру саласында, ой еңбегі мәдениетінде оқу, жазу, есептеу, ойлау операцияларын меңгеру сияқты оқу іскерліктерін жетілдіру өте қажет.
Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттері мұғалімдер тарапынан біркелкі жағдайда ұйымдастырылған болса да, олардың білім деңгейлері, іс-әрекет нәтижелері әртүрлі көрініс береді. Оның негізгі себептерінің бірі әр студент бойындағы оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтары, ынта-ықыласы, мотивтері. Әр студент жоғарғы оқу орнындағы оқу-танымдық процеске әртүрлі көзқараста болады.
Бұл мәселені психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеудің әдістемесін А.А.Реан, В.А.Якунин былайша ұсынады.
Студенттердің оқу іс-әрекеттерінің мотивтерін зерттеу әдістемесі.
Түсініктеме
Тізімде келтірілген оқу іс-әрекетінің мотивтерін мұқият оқып шығыңыздар. Солардың ішінде өзіңізге маңызды 5-ін таңдап алып, берілген кестеде сәйкес торкөздерге «х» белгісімен белгілеңіз.
Мотивтер тізімі

  1. Жоғары білімді маман болу.

  2. Диплом алу.

  3. Келесі курстарда оқуды табысты жалғастыру.

  4. Жақсы оқу, емтихандарды «4» және «5» - ке тапсыру.

  5. Үнемі стипендия алып тұру.

  6. Терең және мықты білімдер алу.

  7. Келесі сабақтарға үнемі дайын болу.

  8. Оқу циклында пәндерді үйренуден қалып қоймау.

  9. Курстастарынан қалыспау.

  10. Болашақ кәсіптік іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ету.

  11. Педагогикалық талаптарды орындау.

  12. Оқытушылардың құрметіне ие болу.

  13. Курстастарыма үлгі болу.

  14. Ата-аналарымның, қоршаған ортамның көңілдерінен шығу.

  15. Төмен деңгейдегі білімдер үшін жазалаудан және сөгіс естуден қашу.

  16. Интеллектуалдық қанағаттанушылық алу.

Студенттің жеке хаттамасы
Фамилиясы, аты, жөні_______________________________________
___________________курс________________________топ________________



Тізімдегі
мотивтер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Таңдалған мотивтер




х







х




х













х







х




Студенттердің топтық хаттамасы
топ № ___________, мамандық__________________________

Ф.А.Ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Абаев




х







х




х













х







х




Бекенов




х







х










х




х







х







.....

















































Мотивтердің таңдалу саны______________________________________
Мотивтердің рангі (қай мотив жиі, қайсысы сирек таңдалған)________________________________________________________________________________________________________________________________
Нәтижелерді талдау
Әрбір студент үшін оқу іс-әрекетінің жетекші мотивтер сапасы талданады.
Бүкіл топ бойынша жиі таңдалатын мотивтер саны анықталады.
Қорытынды
Қандай мотив студенттермен жиі таңдалған болса, сол мотивтің рангі жоғарырақ болып есептеледі және ол мотивтер жүйесіндегі жетекші мотивтерге жатады.
Жоғары білімді маман болу үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білім беріледі. Жоғары оқу орнында берілетін, теориялық, практикалық білімдердің барлығы мемлекеттік стандартқа, типтік бағдарламаларға негізделеді. Осы құжаттардың мазмұнына байланысты оқу-танымдық іс-әрекеттер жоспарланады.
Ой еңбегінің гигиенасы жайлы кеңестер.

  • жұмыс орнын жинақы, реттеп ұстау;

  • жұмысты жоспарлауға үйрену, еңбек пен демалысты алмастыра алу;

  • шаршамай жұмыс істеуге үйрену;

  • белсенді демалу, әр-түрлі іс-әрекет түрлерін алмастыра алу;

  • ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыра алу;

  • ой еңбегіндегі жүйелілікті бұзбау;

  • ой еңбегімен айналысатын бөлменің тым суық немесе тым ыстық болмауын қадағалау, ауаның таза болуын қадағалау;

  • дұрыс тамақтану;

  • тым көп ақпаратты есте сақтап алуға тырыспау, ол үшін сөздіктер қолданып, немесе шағын конспект жасап қоюға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет