Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Кітаппен жұмыс істеу ерекшеліктері



бет25/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Кітаппен жұмыс істеу ерекшеліктері. Ақпараттарды іздестіру барысында көбінесе біз кітаптармен жұмыс жасаймыз. Семинар сабақтарына, аралық бақылауларға дайындалған кездерде кітаппен жұмыс істеу әдістемесін дұрыс меңгерген абзал.
Ең басты сұрақтар: нені оқу және қалай оқу керек. Нені оқу жайлы мұғалімдер, кітапханашылар, ата-аналар, достарыңыз көп кеңес береді. Бірақ әр студент өз бетінше, каталог түрлері (жүйелілік, алфавиттік, т.б.), шағын библиографиялық жұмыстар арқылы кітаптарды, журналдарды дұрыс таңдай алуы қажет.
Қалай оқу керек:
1) Оқуға қажетті кітаптардың тізімін құрып алып олармен танысу жоспарын әзірлеңіз;
2) Кітапты оқымастан бұрын басылып шыққан жылын, аннотациясын, түйінін, қорытындысын, мазмұнын қарап шығып өзіңізге керекті тақырыпқа байланысты ақпараттарды іздестіріңіз;
3) Кітап мазмұнына терең үңіліп, ондағы басты идеяларды ажыратып, олардың қалайша негізделгенін, дәлелденгенін байқаңыз;
4) Кітапты оқу барысында қысқаша түртіп жазу әдісі арқылы мәтін жоспарын, қанатты сөздерді, цитаталарды, құнды ой-пікірлерді тезис түрінде конспектілеп алуға болады;
5) Егер кітапты оқу барысында Сізге таныс емес сөздер кездессе оны міндетті түрде анықтамалық сөздіктерден, энциклопедиялардан қарап өзіңіз үшін анықтап алғаныңыз абзал;
6) Кітапты шолып оқып шыққаннан кейін қандай құнды ақпарат алғаныңыз жайлы, неге үйренгеніңіз жайлы ойланып көріңіз;
7) Кітапты оқудың мынандай түрлерін ажырата біліңіз: шолу жасап қарап шығу, тұтастай оқып шығу, зерттеу.
Жоғарғы оқу орнындағы білім алу барысында оқу-танымдық іс-әрекетінің маңызды әдістерінің бірі – дұрыс тыңдай білу, себебі бұл процессте ақпараттың басым көпшілігі ауызша дәріс ретінде беріледі. Дұрыс тыңдай білу - ой еңбегін белсендендірудің негізгі әдістерінің бірі. Мысалы, мұғалім сабақ түсіндіріп жатқанда, немесе дәріс оқып тұрған кезде студенттер де белсенді оқу-танымдық еңбекпен айналысып отырады, олар бір жағынан тыңдап, айтылғанды ой елегінен өткізіп, маңызды мәліметтерді жазып алуға тырысады. Бірақ студенттердің барлығы бірдей деңгейде белсенді болмайды. Себебі тыңдау процесі басқа танымдық процестерге қарағанда көп ерік-жігерді қажет етеді. Көп нәрсеге адамның көңілі ауып кетуі мүмкін. Мысалы лекция кезінде кез келген нәрсеге байланысты тыңдаушының ойы бөлініп кетеді, сондықтан баяндалып жатқан материалды зейін қойып тыңдауға бөгет болатын, адамды алаңдататын барлық қажетсіз заттарды алысырақ алып тастау қажет (ұялы телефондар, тақырыпқа қатысы жоқ журналдар, фото, плеер, т.с.с).
Бұл әдістің күрделілігі ақпараттардың ауқымдылығында, ағымды сипатта берілуі, мұғалімнің материалды баяндау әдісімен студенттердің тыңдау және меңгеру әдістерінің сәйкес келе бермеуінде, кейбір студенттердің меңгеру қабілеттері баяу, кейбіреулерінікі жылдам болып келеді. Сондықтан, ғылыми конференциялардағы баяндама, радио тыңдаған жағдайларда ақпараттардың толық меңгерілмей қалатындығы осыған байланысты. Бұл тыңдау жұмысының нәтижесінің төмендігі студенттердің танымдық процеске белсенді араласа алмауында және бұл тыңдау процесі бір пән бойынша ғана емес бір күнде бірнеше пән бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты студенттер жағынан тез шаршау, жалығу көп байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет