Тутаева айгерим айтбаевна



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ТҰЖЫРЫМ 
 
1.
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балалардың негізгі 
тобын 2001-2500 г (51,9%) болатын және гестациялық мерзімі 33-36 апталық – 
(59,6%) нәрестелер құрады, олардың ішінде жүрек қантамыр жүйесінің даму 
ақаулары басым болды (35,6%). Сирек жағдайда асқазан – ішек жолдарының 
(24%), қосарланған және көптеген даму ақаулары (16,3%) және орталық нерв 
жүйесінің даму ақаулары (12,5%) кездесті. Жатырішілік даму кезінде орын 
алған қолайсыз жағдайларға: ұрықта гипоксияның дамуына алып келетін
жүктілік патологиялары (78,8%), аналарда кездесетін әр түрлі соматикалық 
аурулар (90,4%), инфекциялық аурулар (85,6%), урогенитальды инфекциялар 
(64,4%), интранатальды патологиялар (65,4%) жатқызылды. 
2.
Аурухана жағдайында туа пайда болған даму ақаулары бар шала 
туылған балаларды емдеу барысында аурудың жағдайына әсер ететіндері: 
клиникалық көріністерінің ерекшеліктері, аурудың өту барысы, негізгі 
патологиялық үрдіс, церебральді зақымданулардың (33,7%) қосарланып көрінуі 
және зақымданған ағзалар мен жүйелердің саны (60% үш және одан да көп 
ақаулар). 
3.
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларды емдеу 
нәтижесі мен болжамы, даму ақауының сипатына, нәрестелер жағдайының 
ауырлығына (өкпеге жасанды желдендіру – 63,5%, гемодинамикалық 
бұзылыстар – 30,8%), жүктілік ағымын сипаттайтын клиникалық 
көрсеткіштерге (80,8%) және орталық нерв жүйесінің терең тежелуіне (56,7%)
байланысты болады.
4.
Туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған балаларда жиі 
кездесетін арнайы соматикалық және неврологиялық патологиялар (сепсис – 
15,4%, некротикалық энтероколит – 16,3%, бронхөкпелік дисплазия – 11,5%, 
қарыншаішілік қанқұйылу – 21,2% және перивентрикулярлы лейкомаляцияның 
кистозды түрі – 12,5%) емдеудің қолайсыз нәтижесіне алып келеді. 
5.
Нәрестелерде анықталатын табанның 2-5 саусақтарының бүгілуімен 
жауап беретін шартсыз рефлексті зерттеу тәсілі басқа әдістермен 
салыстырғанда артықшылықтарға ие. Бұл рефлекс – патологияларға жоғары 
сезімтал және дені сау нәрестелерге тән, бір айға дейінгі шала туылған 
балаларда спинальді шокты анықтайтын сенімді индикатор болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет