Эмпирикалық (қарапайым, тұрпайы) үлестімділік функциясы Эмпирикалық (таңдамалық немесе статистикалық) орта Эмпирикалық диспперсия



бет2/6
Дата28.11.2023
өлшемі98,7 Kb.
#130484
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дәріс 22 (1)

Функционалдық (жай) деп Х мәніне тек бір ғана У мәні сәйкес келетін тәуелділікті атайды (х-аргумент, у-функция).

У-айнымалысын басқаша қорытынды кездейсоқ шама дейді.


у=f(x)
у=аx2, у=а+вx т.б

Кейбірде у=f(x1, x2,…, xn) көпөлшемді функционалдық байланыс.




Статистикалық деп бір х айнымалысының мәндеріне басқа у айнымалысының үлестірімінің өзгеруі сәйкес келетін тәуелділікті атайды.
Корреляциялық тәуелділік статистикалық тәуелділіктің түрі болып саналады.


Корреляциялық (жай) деп х және у кездейсоқ шамалары арасындағы байланыс - х-тың бір мәніне у –тің орташа мәні сәйкес келсе, аталады.
Статистикалық қатар мен жинақ. Үлестірімнің сандық сипаттамалары.
Жаппай кездейсоқ құбылыстардың заңдылықтарын анықтау статистикалық мәліметтерді- бақылау нәтижелерін ықтималдықтар теориясы тәсілдерімен оқып үйренуге негізделген. Математикалық статистика алдына екі мәселе қойылады:1)Бақылау, сынақ және арнайы жүргізілген экперимент нәтижелерін жинақтау тәсілін және статистикалық мәліметтерді топтау тәсілдерін көрсету. 2)Зерттеу мақсатына тәуелді статистикалық мәліметтерді талдау тәсілдерін жасау; а)кездейсоқ шамасының белгісіз ықтималдығын, үлестірімділік функциясын және үлестірімділік заңының түрі белгілі болған жағдайда оның параметрлерін бағалау; бұл кездейсоқ шама бір немесе бірнеше кездейсоқ шама-ға т»уелдігін анықтау және т.с.с,;ә)Белгісіз үлестірімділік заңы жөнінде статистикалық болжамдарды (гипотезаларды) тексеру немесе үлестірімділік заң белгілі болған жағдайда,оның белгісіз параметрлерінің шамасы жөніндегі болжамдарды тексеру. Сонымен, математикалық статистиканың мақсаты –тиісті ғылыми практикалық қорытындылар жасау үшін статистикалық мәліміттерді жинақтау және өңдеу тәсілдерін қалыптастыру. Олай болса, математикалық статистиканы- айқындалмағандықтар шартында тиісті шешімдер қабылдау жөніндегі ғылым деп түсіну қажет.
Айталық, қайсыбір біртекті обьектілер жиынтығын, оны сипаттайтын саналық немесе мөлшерлік белгілерін оқып үйрену қажет болсын. Әрине, бұл жиынтықтың әрбір элементтерін зерттесе, онда оның қасиеттерін жөнінде толық мәліметтер алатынымыз анық. Кейбір дербес жағдайларды тап осылай жасайды. Мысалы: мемлекет тұрғындарының жасы, жынысы, мамандығы және т.с.с бойынша үлестірімдіділігін зерттеу. Дегенмен, осындай жиынтық элементтерінің « бас-басын» толық зерттеу көптеген жағдайларда өте қиын немесе тіпті мүмкін емес іс-шараға айналады.
Мысалы, берілген құралдың (прибордың) қателіктерінің үлестірімділігі элементтерін толық жеке-жеке зерттеу мүмкін емес іс-шара. Мұндай жағдайларда зерттелетін жиынтықтың бір шектеулі бөлігін алып зерттейді.
Сонымен ξ кездейсоқ шама барлық мүмкін мәндері жиынтығын басты жиынтық деп атайды.Ал n тәуелсіз сынақтар ( бақылау ) нәтижесінде алынатын ξ кездейсоқ шама n мәндерін ( яғни басты жиынтық бөлігін) көлемі n-ге тең таңдалым деп атайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет