Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам



бет11/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Метафоралау түрлері


Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.

  • Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт— есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.

  • Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; балшық — зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).

  • Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.[4]

  1. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

Домбыра үні шынында да тыңдағанды ерекше сезімге бөлейді, қанатыңды қатайтып, шабытыңды жігерлендіре түседі.


Туынды сөздер: Үні, шынында, тыңдағанды, сезімге, бөлейді, қанатыңды, қатайтып, шабытыңды, жігерлендіре, түседі.
Үні
Зат есім+тәуелдік жалғау – туынды сөз


Тыңдағанды
Етістік+ есімше+ табыс с.ж. – туынды сөз


Сезімге
Сые есім+ барыс с- туынды сөз


Қанатыңды
Зат есім+ тәуелдік жалғау + табыс септік


Емтихан билеті № 7

  1. Лексика – семантикалық тәсіл

Жалпы алғанда, аталған грамматикаларда лексика-семантикалык тəсiл ретiнде сөз таптарының бiр-бiрiне ауысу құбылысы көрсетiледi. Ал қазақ тiл бiлiмiнде осы құбылыспен қатар, өзге тiлден енген сөздер арқылы сөздiк құрамның баю жолдары көрсетiлiп жүргенiмен, оны сөз жасау тəсiлiнiң бiр жолы ретiнде қарастыру кейiнгi кезеңде ғана қолға алынған десе де болады. Өйткенi «Қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесiнде» былай делiнген: «Сөзжасамның аффикстi жəне сөзтудырым тəсiлдерiнен басқа да жолдары бар. Ол ─ сөзжасамның лексика-семантикалық тəсiлi. Мұндай жол белгiлi бiр сөздердiң жаңа мағынаға ие болуы, көп мəндi, ең бастысы омонимдiк қатарда келуi арқылы жасалады. Сондай-ақ осы жол кейбiр сөздердiң о бастағы мəнiн жоғалту не болмаса əлсiрету барысында басқа бiр сөз табының қатарынан танылуға жол бередi. Сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі. Сөздің мағыналық жақтан дамуы барысында көп мағыналары бір-бірінен алшақтап, бара-бара олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағыналары басқа-басқа сөздер (омонимдер) жасалады. Сөз тудырудың бұл тәсілі лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Сөз тудырудың бұл тәсілі тіл-тілдің барлығында кездеседі. Семантикалық тәсіл арқылы туынды жаңа сөздердің жасалуына көп уақыт керек, бұл – өте баяу болатын құбылыс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет