Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса



бет13/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

3. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыхананың берекесі» деп қасиет тұтады.


Емтихан билеті № 8

  1. Сөзжасамдық мағына

Сөзжасам өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қызмет етеді. Жаңа аталымар (номинациялар) сөзжасамдық түрлі тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі болды. Тәсілдердің түрлілігіне байланысты сөзжасам үрдісіне түрлі сөзжасамдық бірліктер жаңа мағына, жаңа аталымның жасалуына түрлі дәрежеде қатысады. Мысалы, әнші, жұмысшы, малшы, суретші, жыршы, биші, орманшы, балықшы, саяхатшы, сыбызғышы, қобызшы т.б. Бұл туынды түбірлердегі -шы/-ші жұрнағы мамандық мәнін беріп тұр, ал негіз сөздер ненің маманы екенін білдірген. Келтірілген туынды түбірлердің құрамындағы сөзжасамдық бірліктер (негіз сөз бен жұрнақ) туынды мағынаны жасауға қызмет еткен. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктерге жатады.
Мұндай туынды сөздердің қандай негіз сөзден жасалғанын ажырату қиын емес, өйткені туынды сөздің лексикалық мағынасы мен негіз сөздің мағынасы байланысты болады. Бұл мағыналық байланыс арқылы туынды сөздің қандай негіз сөзден жасалғанын табуға болады. Бұл ерекшелік сөзжасамдық типтерге қатысты.
Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілінде сөз бір сөз табынан екінші сөз табына өтеді. М., айтыс - етістік, айтыс- зат есім. Мұнда етістік мәнді сөз заттық ұғымды білдіріп, зат есімнің грамматикалық көрсеткішітерімен түрленетін болды. М., айтысты жалғастыр, айтысқа түс. Бірақ осы сөздің екеуінің де негізгі лексикалық мәнінде айырма жоқ деуге болады. Келесі бір туынды сөздерде негіз сөздің мағынасы толық сақталып, оған үстеме мағына ғана қосылады. М., әкетай, балапан, дөңес, адыршық т.б.
Ал он сегіз, белбеу, әкел, білезік, бозторғай, келіп кет сияқты сөздердің мағыналары олардың құрамындағы сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының қосындысынан жасалғаны анық байқалып тұр.
Бұл келтірілген мысалдар туынды сөздердің жасалу жолы және сөзжасамдық бірліктері қандай түрлі болса, сөзжасамдық мағына да түрлі екенін көрсетті.
Ғылымда сөзжасамдық мағына туралы ғалымдар пікірі де түрліше. Оларды ғалымдар екіге топтастырып қарап жүр. Олар: жиынтық мағына (суммарное значение), айырма мағына (разностное значение). Сөзжасамдық айырма мағына деп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөздің арасындағы мағыналық айырмашылық аталады.
Жиынтық мағына деген бағыттағы ғалымдар сөзжасамдық мағына деп негіз сөз бен жұрнақтың мағынасының қосындысынан шыққан мағынаны атайды.
Туынды сөздің құрамындағы тұлғалар оның мағынасын жасаушылар болғандықтан, оларсыз туынды мағынаны анықтау мүмкін емес. Бірақ туынды сөздің мағынасын негіз сөзбен салыстыру арқылы да дәлелдеуге болады, өйткені салыстыру туынды сөздің мағынасы негіз сөзден басқа екенін көрсетеді, немесе негіз сөзден туынды сөздің мағынасында қандай болса да, бір өзгешелік барын көрсетеді. Сол мағыналық ерекшелік туынды сөздің мағынасы болып табылады
Негіз сөз жасалатын туынды сөздің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланысты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шығады. Мысалы, балтала, карала, жаксыла, тазала деген туынды етістіктер балта, қара, жақсы, таза деген есім сөздердің туынды сөзге негіз болуы арқылы жасалған. Осы туынды сөздердің бәрінің мағынасы негіз сөздердің мағынасымен байланысты: балтала - балта арқылы жасалатын қимылдың аты, қарала - қараға айналдыру қимылының аты, жақсыла - жақсыға айналдыру қиылының аты, тазала - тазаға айналдыру қимылының аты. Бұлар - бір сөзжасамдық тип арқылы жасалған туынды сөздер. Сондықтан мұндағы жұрнақ -ла есім сөздерге қимыл мағынасын қосып, есім сөздерден етістік жасаған яғни туынды сөздер негіз сөздерден басқа сөз табының сөзіне айналған, олардың сөз табы категориясы өзгерген.
Сөзжасамдық ұяда мағыналық байланыссыз сөз болмайды. Ол мағыналық байланыс сөзжасамдық ұядағы негіз сөзге, әр жұптағы негіз сөзге сөзжасамдық тізбектегі туынды сөздердің біріне-бірі негіз болып, негіз сөз бен негізді сөзден құралуына байланысты. Бұл мағына негізділігінің мағына байланыстылығын туғызуына тікелей қатысты.
Бұл жұрнақтың жалпы ерекшелігі. Жұрнақтардың әрқайсысының әр сөз табына телулі болуы олардың мағынасымен байланысты. Негіз сөзге жұрнақ қосылғанда, оған жұрнақ өз мағынасын үстейді де, оны өз сөз табының категориясына не оның ішкі ерекшелігіне көшіреді. Жұрнақ беретін мағына негіз сөздің туынды мағынаға қатысы арқылы жүзеге асады, негіз сөздің мағынасына сүйенбей, туынды мағына жасалмайды.
Туынды сөз мағынасы қай тәсілмен жасалса да, онда мағына негізділігі, заңдылығы сақталады. Туынды сөздің мағына негізділігі аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздерге де қатысты. Күрделі сөздердің туынды мағынасы оның құрамындағы лексикалық мағыналы сыңарлардың мағынасының негізінде жасалады. М., онкүндік, шекара, орынба-сар сияқты күрделі сөздердің қазіргі мағынасы олар жасалған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет