Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Синонимдердің жасалу жолдары. Қазақ тіліндегі синонимдер толып жатқан тәсілдер арқылы жасалады



бет15/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Синонимдердің жасалу жолдары. Қазақ тіліндегі синонимдер толып жатқан тәсілдер арқылы жасалады. Солардың ішіндегі ең бастысы мыналар:
2.1 Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болған синонимдер. Тіл байлығы санымен ғана емес, сапасымен де өлшенеді. Осы тұрғыдан келгенде сөздік қордың даму дәрежесін байқататын ерекше көрсеткіш –көп мағыналы сөздер мен көп мағыналы сөздер есесбінен жасалған омнимдер болып есептелінеді. Бұлар –синонимдік қатардың көбеюінің де бір көзі.
а) Көп мағыналы сөздерден жасалған омонимдер. Көп мағыналы сөздердің синоним тудыруға қатысы әрқилы. Кейде бір сөзде қанша мағына болса, солардың барлығы бірдей синонимдік қатар жасауға үлес қосады. Мысалы, тура деген сөздің үш мағынасы бар: 1.Дұрыс. 2.Тік. 3.Шақ. Осы үш мағынаның үшеуінен де синонимдік қатарлар пайда болған. 1.Дұрыс-жөн-түзу; 2. Тік-түзу-тіке; 3. Шақ-дәл. Бірақ мұндай мысалдар мүлде аз. Көп жағдайда көп мағыналы сөздердің ішінара мағыналары ғана синонимдер тудыруға қатынасады. Қанат деген сөздің сегіз мағынасы бар: 1. Құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын мүшесі. 2.Адамның екі бірдей қолын құлаштап жаюы. 3. Ұшақтың көтеріліп, ұшып-қонуына қажетті бөлігі. 4. Арбашаның немесе басқа бір заттың үстін кеңейту үшін бекіткен ағаш. 5. Киіз үйдің әрбір керегесі мен шиі. 6. Белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы. 7. Балықтың жүзу қызметін атқаратын дене мүшесі. 8. Сенімді серік, арқа сүйер таяныш, тірек. Бұл сөздің мағынасы қанша көп болса да, олардың ешқайсысынан синонимдік қатар жасалмайды. Яғни көп мағыналы сөздерден жапатармағай көпмағыналы сөздер жасала бермейді. Дегенмен көпмағыналылық есесбінен жасалған синонимдер едәуір.
ә) Омонимдердің есебінен жасалған синонимдер. Өнімсіз болса да, омонимдердің есебінен де синонимдік қатар жасалады. І. Арық. Су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы. ІІ Арық. Семіз емес, еті қашқан жүдеу. Осы омонимдік қатардың екінші сыңары «көк бақа» деген тіркеспен синонимдес. І.Арман. Көксеген мақсат, тілек. ІІ Арман. Сөйлеу тілінде әрмен вариантымен жарыса қолданылады. Әрірек деген мағынада жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет