ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 3
Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саясаттанудың прагматикалық мәні.
Баяндаушылық. Саясаттану өмірде болған істі баяндап, оның мән-мағынасын ашып көрсетеді. Бұл саясаттанудың бірінші қадамы.
Түсіндірушілік. Орын алған оқиғаның себептерін талдап түсіндіреді.
Болжаушылық. Олған істі қорытындылай келіп, келешекте не болатынын болжайды. Мұны ғылыми негізде жүргізеді. Егер де футурология пәні орта мерзімге, яғни 30 жылға болжайды және көбінесе дұрыс келе бермейді десек, саясаттану аз мерзімге дұрыс болжам жасайды.
Инструменталдық. Істің нәтижелі болуы үшін жүргізілетін іс-әрекетті көрсетеді.
Институционалды әдіс саяси жүйе институттарының барлық құрылымдарының (мемлекет, үкімет, саяси партиялар, қозғалыстар, топтар және олардың бағдарламалары мен мәлімдемелерін т.б.) қызметін бағалап оларды танып білуге қолданылады.
Нормативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
Диалектикалық-материалистік әдіс- табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.
Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін (байқау, эксперимент, анкета, сұхбат, құжаттарды) талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Бұл әдісті саясаттануда қолдану мына төменгі бастапқы ережелерге, алғышарттарға сүйенеді:
біріншіден, саясат әлеуметтік құбылыс ретінде өзіндік өлшемге ие, ал саяси қызметтің барлық топтық түрлерін зерттеудің басты нысандары есебінде көрінетін нақтылы индивидтердің тәртібін талдаудан шығаруға болады;
екіншіден, саясатқа қатысудың басты сылтауы психикалық бағдарлар болып табылады;
үшіншіден, тәжірибелік фактілерді жинау және саяси құбылыстар сандық өлшемдерге ұшырауы мүмкін, ал мұның өзі саясаттанудың алдында математикалық және басқа да әдістерді, статистикалық көрсеткіштерді, сауалнамалар арқылы алынған мәліметтерді сұрыптау әрі талдау кезіндегі компьютерлік техниканың нәтижелерін пайдаланудың кең мүмкіндігін ашатын болады.
Осыған байланысты сандық әдіс пайдаланылады. Ол статистикалық зерттеу. Онда статистика арқылы жеке адамның, топтардың ерекшелігін аңғару. Анкета таратып, жауап жинап есептеу қоғамдық пікірді анықтайды. Оны лабораторияда есеп машинасы арқылы жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |