Емтихан билеті №1



бет3/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
саясат сессия

Әлеуметтік зерттеулерҚПЗО зерттеу қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық салаларының түйіскен тұсында жатқан фактілер мен құбылыстар зерттеледі. Бүгінгі таңда маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен бастап, тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейі (қалада, ауылда), жергілікті мәселелер мен ерекшеліктер жайлы түрлі ақпараттар қажет болады. Бұндай ақпарат жинаудың негізгі көзі әлеуметтік зерттеулер болып табылады. Елдегі әлеуметтік үрдістерді зерттеуге және талдауға және қоғамның әлеуметтік жүйесіндегі және қоғамдық сана құрылымындағы өзгерістерді зерттеуге бағытталған әлеуметтік зерттеу жобалары кешенді және көпжоспарлы сипатқа ие.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 2



  1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны. Саясаттанудың негізгі парадигмалары.\

Саясаттанудың негізгі парадигмалары
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.


Парадигма (грекше -«үлгі» деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Қысқаша тоқталар болсақ: Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.



  1. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Демократияның қазіргі формалары.

Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлтгық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып
жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі. Демократияның классикалық теориясы антикалық дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.
Демократия деген сөз гректің демос-халық ж\е кратос-билік деген сөзлерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Дегенмен, демократияның мынадай белгілері бар.

    1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы санауы.


    2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек.


    3. Әділдік.





  1. Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Ақпаратты жинау әдістері. Мәліметтерді талдау.

Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпыламаабстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыратып қарау керек; екінші жағынан, қоғамдағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек.
Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.
Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу - тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың логикалық кезеңдік жүйесі.
Әлеуметтік зертттеулер — қоғамды біртұтас әлеуметтік-мәдени жүйе ретінде қарастыратын және бастапқы социологиялық ақпараттарды жинаудың, өңдеп, талдаудың айрықша әдістері мен тәсілдеріне сүйене жүргізілетін зерттеу түрі. Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін зерттелетін объекті жөнінде жаңа білім алуға мүмкіндік беретін теориялық және эмперикалық рәсімдер жүйесі.
Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты:
Мақсаты және теориялық бағдары.
Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды таңдау әдісі.
Үшінші түрі зертеудің динамикасы мен статистикасынан анықталады.
Нақты социологиялық зерттеу арнайы құжатқа - социологиялық зерттеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады.
Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек.
Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.
Зерттеу барысындағы алғашқы қадам - зерттелетін проблеманы анықтау. Біз тақырыпты өз тәжірибеміз бен бақылауымызға байланысты таңдай аламыз. Мысалы, «афроамерикалықтар ақнәсілді америкалықтарға қарағанда, жұмыссыздық пен кедейлікке көбірек ұшырайды» деген тұжырымды алайық. Немесе осы тұжырымды негізге ала отырып, «мектеп пен жұмыстағы кемсітушілік салдарынан ақ нәсілді америкалықтарға қарағанда, афроамерикалықтар арасында жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі жоғары» деген болжамнан бастауымызға болады.

Қандай жағдайда да алдымен зерттегіміз келетін нәрсе жайлы көбірек білу үшін басқа ғалымдардың зерттеулерін шолудан бастау керек. Егер сол проблема бойынша жақсы зерттеулер жүргізілсе және кейбір проблемалар жөнінде теориялық түсіндірмелер жасалған болса, онда зерттеуден күтілетін нәтижені гипотеза түрінде сипаттауға болады. Гипотеза дегеніміз - теория дұрыс болған жағдайда шығатын қорытынды жайлы тұжырым. Гипотеза сынамалы болуы керек, яғни қандай да бір түсіндірменің дұрыс я бұрыстығын деректер арқылы анықтау жолдары болуы тиіс. Мысалы, «афроамерикалықтардан гөрі ақ нәсілділер жақсы жұмысқа лайық» деген пікірді сынап көру мүмкін емес, алайда «ақнәсілділер жақсы жұмысқа афроамерикалықтарға қарағанда көбірек орналасады» деген болжамды сынап көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет