Емтихан билеті №1



бет5/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
саясат сессия

Салыстырмалыәдіснемесебіріктірмелі(компоративті) әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
Салыстырмалы әдіс салыстыру арқылы әр түрлі саяси жүйелердің, саяси құбылыстардың көп түрлілігіндегі жалпы мен айырықшаны бөліп алып қарауға, саяси процестер дамуының басты бағыттарын тануға мүмкіндік береді. Кезінде оны Платон мен Аристотель, Монтеське, К. Маркс пен Ф. Энгельс пайдаланған. Бұл әдіс ұқсастық белгілері бар саяси нысандырдың ( я болмаса бөлімдердің) екі және одан да көбін өзара салыстырудан тұрады.
Демек, бірдей тектес түрдегі, яғни, ұқсастық белгілері бар саяси құбылыстарды бұлай салыстыру саяси ұйымның неғұрлым тиімді түрлерін, я болмаса міндеттерді шешудің ең дұрыс үйлесімді жолдарын бағыттауға мүмкіндік береді.
Сондықтан да салыстырмалы әдісті қолдану, әсіресе, батыл саяси реформалар мен демократиялық басқа елдер мен халықтардың тәжірибесін пайдалану негізінде өркениетті мемлекет құру жағдайындағы қазіргі қазақстандық саясаттану үшін ерекше көкейтесті мәселе.
Шамасы, кез келген тарихи баян қалай болғанда да қазіргі заманның мүдделеріне бағытталған деп есептейтін ғалымдардың пікірлері дұрыс сияқты. Демек, тарихи тәжірибе қазіргі кезең мен болашаққа арналған саяси бағдарлауға деген талап-тілектің өзектілігін танытады.
Сонымен, М. Вебер әділ атап көрсеткеніндей, өткеннің тәжірибесін болашаққа қалай болса солай көшірү – тарихи көзсіздік, ал өткеннің тәжірибесінсіз келешекке мөлшермен қарау да – тарихи бекершілік.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Жүйелік әдістің шынайы даралығы зерттеу нысанын тұтастай қабылдаумен және кең тұтастық шеңберіндегі жекелеген нышандар арасындағы байланыстарды жан-жақты таңдаулармен танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет