Емтихан билеті №1



бет23/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 14



  1. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер.

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.

Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.

Телеологиялық анықтама - Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.

2 Бихевиористтік анықтама - Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі.

3 Инструменталисттік анықтама - Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.

4 Структуралисттік анықтама - Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.

5 Конфликтілік анықтама - билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.



  1. Саяси сана мен саяси идеология.

Саяси идеология саяси санамен тығыз байланысты. Саяси сана деп-өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін адамдардың бұл саладаағы ісәрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтамыз. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен дүниеге келді. Саяси сананың негізгі қызметі-мемлекеттік билік. Және оның қызметі. Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана саяси психология және саяси идеологиялардан тұрады.



  1. Девиация мен әлеуметтік бақылау. (Р.Мертон, Э.Дюркгейм және басқалары).

Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап – өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді [1].
Әлеуметтік бақылау
Мұндай мінез-құлықтың бірінші тобы да, екінші тобы да әлеуметтік бақылаудың әлеуметтік нормаларымен және құралдарымен тартысқа түседі. Қоғамдық жүйе үшін жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік қауымдастықтардың, жіктердің, топтардың және т.б.-ының қызметіне әлеуметтік бақылау жасау өмірлік маңызды болып табылады. Әлеуметтік бақылау деп әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын және олардың өзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет