Емтихан билеті №1


(әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық



бет25/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
леуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, 

мәдениеттанулық). 
Девиацияның пайда болуының алуан түрлі социологиялық теориялары да 
бар. Мысалы, өзінің аномия теориясында Э.Дюркгейм девиация – бұл 
көбіне өзіне-өзі қол жұмсау деп, ол нормалардың жоқтығынан болады деп 
есептейді. Осы теорияны дәлелдеуші американдық әлеуметтанушы 
Р.Мертон девиация қоғамның мақсаттары мен оған қол жеткізудің 
мойындалған құралдарының арасында алшақтық пайда болған кезде орын 
алатындығын тұжырымдады. Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік 
азғындау теориясы бойынша девиацияның көптеген түрлері мәдени 
құндылықтар, нормалар мен әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, 
немесе олар қарама-қайшылыққа ұшыраған кезде немесе мұлдем болмаған 
жерде туындайды. Әлеуметтік ауытқушылықтың типологиясы бұл 
құбылыстың алуан түрлілігін көрсетеді, оларды бөліп тұратын 
шекараларды айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік ауытқушылық 
бірнеше себептер бойынша классификацияланады. Солардың ішінде кең 
таралғаны бұзылатын норманың (құқық, мораль, қатынас ережесі және 
т.б.) типі бойынша ауытқудың әр алуан түрге бөлінуі. Соған байланысты 
жағымсыз ауытқу қылмыс, басқа да құқық бұзушылық (әкімшілік, 
азаматтық, еңбекке қатысты, қаржылық және т.б.), адамгершілікке жат 
қылықтар және т.б. болып бөлінеді. Бұл классификацияның практикалық 
мәні оған қатысты қандай жаза тағайындалатындығымен, сондай-ақ 
кінәлілерді анықтап, жазалауға байланысты болып келеді. Бұзылатын 
нормалардың сипаты бойынша ауытқуды ұлттық деңгейдегі және 
халықаралық деңгейдегі ауытқу деп те бөлуге болады. Мінез-құлықтың 
көптеген түрлері белгілі бір елдегі өмір сүріп тұрған құқық 
нормаларының, моральдың, үлгі-өнегенің, әдет-ғұрыптардың бұзылуы 
болып саналса, оның кейбір түрлері халықаралық құқық пен моральдың 
(агрессивті соғыстар, нәсілдік қорлаушылық, геноцид, халықаралық 
терроризм және басқалары) жалпыға бірдей қолданылатын нормалары мен 
принциптерінің бұзылуымен байланысты. 
Әлеуметтік ауытқудың объективті және субъективті жақтарымен 
байланысты тағы бір классификация бар. Ол екі топқа бөлінеді. а) 
экстравертивті (сыртқы ортаға бағытталған мінез-құлық, ол мақсатты
алдын-ала жоспарланған немесе аффективті болуы мүмкін, мысалы, 
отбасындағы дау-жанжал); ә) интравертивті (адамның өз-өзіне 
бағытталған мінез-құлық – ішімдік ішу, алкоголизм, өзін-өзі өлтіру, 
нашақорлық және басқасы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет