59.Сөйлеу тілінің ерекшеліктері. Қоғамдағы қарым-қатынас ауызша сөйлеу немесе жазбаша тілдесу арқылы жүреді.
Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функциясы баса сезіледі.
Ауызша сөйлеудің де, жазбаша тілдің де түп негізі — ұлттың ғасырлар бойы жасаған, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, жылдар сыннан өткізген жалпы халықтық тілі.
Ауызша сөйлеу тілі — күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы.
Бұны ауызекі сөйлеу тілі стилі қарастырады. Оның басты ерекшелігінің өзі — өзара сөйлесу кезінде адамдардың пікірі ғана емес, мінез-құлқы, ой-өрісі, сөйлесе білу, тілдесе алу мәдениет, әдебін де көрсететіндігінде.
Пікір алысу, сөйлесу кезінде адамның қимыл-қозғалысы, бет-әлпет өзгерісі де оның жан-дүниесін, ішкі ойын білдіріп отырады. Дауыс ырғағы, сөзді орынды қолдану, екпін, кідіріс сияқты қосымша белгілер де сөйлеушінің пікірін білдіріп қоймай, мәдениетін, тәрбиесін көрсетедіАуызекі сөйлесудің басты шарты — сөйлесушіні тыңдай білу, пікірін, ойын дұрыс түсіну.
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіне тән стильдік ерекшеліктері бар:
— сөйлеу тілі қарапайым қарым-қатынас жасау кезінде айтылады;
— көбіне-көп алдын-ала дайындықсыз өтеді;
— сөздердің, сөйлемдердің қалыптасқан қалпы өзгеріске түседі;
— одағай, қыстырма, қаратпа сөздер көп қолданылады;
— дауыс ырғағы, бет-пішін, қол қимылдары қосымша қызмет атқарады.
Сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді.
Мұнда сөйлеуге қатысушы екі адам. Бірі — сұрақ, қоюшы, екін-шісі — жауап қайтарушы. Олар бірінің айтқанын бірі естіп, тез түсінеді. Тез түсінісу сөйлеудің қандай жағдайда өтуіне, дауыс ырғағы интонацияға және басқа да дене қимылдарымен тікелей байланысты. Әсіресе, интонацияның маңызы ерекше.
Сөйлеу тілінің ерекше бір түрі — монолог. (Монолог — бір кі-сінің сөзі). Монологты сөз өте күрделі ойға құрылып, әр түрлі тә-сілмен жеткізіледі. Мүнда кітаби-жазба стильдерге тән ерекшелік-тер мен заңдылықтар қатал сақталады. Сондықтан монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.
Монологта белгілі бір тақырыпты әңгімелеп айтып беру мақсатты көзделеді. Саяси, ғылыми және басқа да тақырыптар да әңгімелеседі. Тақырып аясының осындай кендігінен, монологты сөз көптеген түрге бөлінеді. Олар: көпшілік алдында, жиналыста, радио мен телевизордан лекция, баяндама, консультация т. б. сөйленген сөзі.