21. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
- Білімділік мақсаттың құрамдық элементтері, олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын толық және анық нақтылау. Сабақтың жалпы құрылымында орнын анықтау.
- оқушылардың дайындығын ескерумен қатар, сабақ мазмұнының оқу бағдарламасы мен сабақ мақсатының талаптарына сәйкестігін анықтау.
- Оқушылардың ғылыми білімді меңгеруі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасуын сабақта және оның жеке кезеңдерінде бақылау.
- Тиімді методтар, әдістер мен оқу құралдарын таңдау, сабақтың әрбір кезеңінде сенімді әсер ету, оларды қызықтыру және бақылау.Танымдық белсенділікті қамтамасыз ететін таңдау.
- Дидактикалық принциптерді жүзеге асыру.
- Оқушылардың ойдағыдай оқуына жағдай жасау т.б.
Талаптарды сәтті жүзеге асуыруда пайдаланылатын сабақтардың негізгі түрлері:
1. Жаңа білім беру сабақтары –дәстүрлі (аралас) сабақ, дәріс, серуен, саяхат, іздендіру жұмысы, оқу және еңбек тәжірибесі. Мақсаты оқыту мен алғашқы білімді бекіту болып табылады.
2. Алған білімді бекіту сабақтары – тәжірибе, саяхат, лабораториялық жұмыс, әңгімелесу, кеңес беру. Мақсаты білімді қолдануда іскерлікті шыңдау болып табылады.
3. Білімді кешенді түрде қолдану сабақтары – тәжірибе, лабораториялық жұмыс, семинар т.б. Мақсаты жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдану іскерлігін шыңдау болып табылады.
4. Білімді жүйелеу және кеңейту сабақтары – семинар, конференция, дөңгелек үстел т.б. Мақсаты білімді бірыңғай жүйеде кеңейту болып табылады.
5. Білімді бақылау, бағалау және талдау сабақтары – бақылау жұмысы, сынақ, коллоквиум, білімді тексеру т.б. Мақсаты білімді, іскерліктерді, дағдыларды меңгеру деңгейлерін анықтау болып табылады.
22. Талдау туралы түсінік Қысқа (бағалау) талдау – ол сабақтың білім, біліктік және дағды мақсаттарын шешетін оқу-тәрбие функциясының жалпы бағасы.Құрылымдық (поэтапный) талдау – сабақтың үстем құрымын (элементтерін) табу және бағалау, оқушылардың танырлық қабілеттерін дамытуға қамтамасыз ететін мақсатқа лайықтылығы.Жүйелі талдау – негізгі дидактикалық мақсаттарды шешу және бір мезетте сабақтың даму мақсаттарын шешу көзқарастан сабаққа бірыңғай жүйеге ретінде қарау.Толық талдау – сабақ мақсаттарын жүзеге асыруды бағалау, оқушының оқу қызметі түрлері мен мазмұнының сипаттамасы, ойлау қызметінің тәсілдері мен білімді қабылдау деңгейінің аспектті талдау жүйесі.Құрылымдық-уақыттық талдау – сабақтың әр кезеңінде уақыт қолдануды бағалау.Аралас талдау – бір мезгілде сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттары және құрылымдылық элементтерін бағалау.Психологиялық талдау – сабаққа қойылған психологиялық талаптардың орындалуын (даму типті оқушылардың танырлығын қамтамасыз етуі) зерделеу.
Дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды (дидактика принциптерін жүзеге асыру; оқушыларды оқыту және білім беруде қолданатын әдістер мен тәсілдерді сұрыптау, сабаққа қажетті оқу материалдарының дидактикалық ықпал ету, оқушылардың өзіндік танырлық қызметінің педагогикалық басшылығы және т.б.) талдау.Аспектті талдау – сабақты жан-жақты, егжей-тегжейін тәптіштеп талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |