Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.
Барлық ұпайы
І
+
+
+++
+
ІІ
+
+
ІІІ
+
-
++
+
ІV
-
-
+
++++
V
12. Оқушының жеке қабілетін бағалау.Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы. Оқушының жеке қабілетін бағалау. а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз «Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады (№6 кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады
Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау. Кесте
Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім беруге тырысты)
++
+
Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды
+
13. Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болу тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім ол білім алушылардың атын жазып алуы қажет.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
- Сіз қазір не істеп жатырсыз?
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
• жаңа идеяны тұжырымдауды;
• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
• топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
• сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
14. Диагностикалық бағалау жүйесіДиагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек.
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.