Емтихан сұрақтары Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі



бет7/13
Дата17.10.2022
өлшемі55,97 Kb.
#43610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Білім беру 1-12

15. Өзін–өзі бағалау Соңғы жылдары өзінің тиімділігін танытып отырған формативті бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау– өзіне-өзі баға қоймаумен, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі. Ол тапсырманы орындау үдерісі сипаттамасымен, яғни оның оң және теріс жақтары, әсіресе, ұпайлармен тығыз байланысты. Мұғалім оқушыға өзін-өзі бағалаудың төмендегідей алгоритмін ұсына алады:
1. Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?Мақсат қандай болды? Қандай нәтиже алу қажет болды?
2. Нәтиже алу мүмкін болды ма? Шешу жолы, жауабы табылды ма?
3. Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателер жіберді ме?
4. Толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме?
5. Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды? Егер тапсырманы орындай алмаса, онда қандай қателер жіберілді және бұл қиындықтар неден туындады?
Әр мұғалім сабақ барысында оқушылардың кез-келген сабақтың соңында міндетті түрде қандай әсер алғанын анықтау үшін рефлексия жасатып, оны стикерге жазып ілдіру, эссе жазғызу, "Екі жұлдыз, бір тілек", «Қосу, алу, қызықты», «Білемін, үйрендім, білгім келеді...» әдістерін және смайликтерді қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіп отыруы қажет. Мектеп тәжірибесінде жеке тұлғаның шегініс жасау арқылы күнделікті әрекетіне бағалау жасайтын жеке бас күнделігінің болуының да маңызы зор. Бұл күнделіктің ересек жастағы оқушылардың дамуы мен өсіп-жетілуі жөнінде көп мәліметтер берері сөзсіз.
16. Оқу үрдісінің заңдылығы Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары:
1. Мақсат қою қоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.
2. Мазмұнын айқындау оқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.
3. Әдістерді таңдау оқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты.
4. Оқу үрдісін ұйымдастыру формасы оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
5. Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі оқушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.
6. Оқу үрдісінің тиімділігі барлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.
Оқу үрдісінің жекеленген заңдылықтары:
- дидактикалық өз құрамына үрдістің мазмұнды–процесуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т.б.) қамтиды;
- гносеологиялық мұғалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылығын, табиғаттың, қоғамның және өз-өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау.
- психикалыққа оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс-әрекетіне қатысты.
- кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді.
- әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың әлеуметтік маңыздылығы т.б.) қарым–қатынасын қамтиды.
- ұйымдастырушылық оқу үрдісін интеллектуалдың еңбек (оқу мен оқытушылық еңбекті ұйымдастыру, олардың материалдық–техникалық жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т.б.) негізінде айқындайды.
Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет