17. Сабақ талдау түрлері мен типтері Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі:
Өзіндік талдаусыз мүмкін емес:
- оқытудың толық жүйесін құру;
- шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
- озат педагогикалық іс–тәжірибені жинақтау;
- техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;
- мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
Сабақ талдау типтері
– толық - мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс тәжірибесін, оқу–тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатынды жүзеге асырылады.
– қысқа - жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;
– кешенді – сабақты ұйымдасту формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлінін жан–жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақытыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.
– аспектілі – сабақты бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс-әрекетіндегі жекеленген амалдарың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады.
Талдаудың әр қайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.
Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене тырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.
18. Сабақты талдаудың жалпы критерилері Нәтижелік. Сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастурудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы психолого–педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;
- оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
- оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
- оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру;
- жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
- қарама–қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым–қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету;
Сабақ құрлымы:
Қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады.
Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады.
Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылыға сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.
Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін:
• оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;
• сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу;
• материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;
• оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдері, амалдарын таңдау;
• оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;
• оқытудың қажетті оқу-материалдық жағдайын амтамасыз ету.
Оқушылардың танымдылық іс-әрекетін белсенділігін арттыру:
• оқушының оқу – танымдылық міндеттердің қабылдауы мен түсінуі;
• шешу жолдарының жоспарын құру;
• індеттің іс-жүзінде шешуі;
• міндетті шешу үрдісін бақылау;
• үлгіге сәйкес нәтижесін бағалау;
• жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айқындау
Мұғалімге оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу қажет және оқытудың «белсенді» әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым –қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.