11. Топтық жұмыстың бағалануы Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.
ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;
ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;
өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен
мұғалімнің байланысын бағалауы;
Топпен бірге жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мұғалім төмендегі шарттармен таныстырып өтуі керек.
Топтық жұмыстың мақсаттарын хабарлау және оның оқытылатын тақырыпты оқыту әдісімен үйлесімділігі;
Тапсырмаларды бағалау кезіндегі сындарды анықтау;
Соңында кім бағалайтыны жайлы хабарлап алу; (мұғалімнің өзі; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек қана оқушылардың өздері; арнайы әділқазылар)
Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;
Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау;
Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне (концепциясына) кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да ұстаздың топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.
Топтық жұмыстың бағалануы. Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.
Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде ұстаз қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.
Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?
Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге болады?
Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.
Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.
Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.
Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;
Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.