Суммативті бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәннің оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалім әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалім өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздігінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.
Суммативтік бағалау - бұл оқып-үйрену процесінің қорытындысын жинақтау немесе жалпылау үшiн қолданылатын бағалау. Оқып үйренуде бiлiмнiң парадигмасының біліктілік шеңберiнде немесе оқушыларды қабiлеттiлiгiне қарай оларды айқын есте сақтап, оқиға, ереже, формула қорытып шығаруға дағдыландырады. Оқушыларға мәлiметi бар жұмыс және идеялармен «Оқушы фактілер мен идеяларды топтастыруға, содан соң синтез жасап, қорытып, түсiндiруге, қорытынды қандай болмасын, мәлiметтi жаңаша түсіндіріп, немесе болжап кете алады».
Суммативті бағалау бақылау - тексеру жұмыстардың әр түрiнiң өткiзуiн көздейді. Бақылау- тексеру жұмыстарын құруда оқушылардың тек қана фактілерді немесе өткен материалдарды есте сақтауына ғана емес, жоғары деңгейлi дағдыларын қалыптастыруға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан тұруын ескеру қажет. Мұндай тапсырмалардың құру барысында 1956 жылы Б.Блумның ұсынған оқу мақсаттарының деңгейлеріне арналған таксономиясына сүйенуге болады.
10. Топпен жұмысты ұйымдастыру «Топтық жұмысты ұйымдастыру- кіші жастағы оқушылардың таным белсенділігін дамыту құралы»
Оқушының өздігінен білім алуына деген қызығушылығын оятпай, оқушының таным белсенділігін дамыту мүмкін емес. Оқуға деген уәжді қалыптастыруға бағытталған жұмыстың тиімді жолдарының бірі- топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Топтық жұмыс барысында оқушы әңгіме, пікірталасқа қатысады, жолдасының жауабын тыңдап қана қоймай, оны толықтырады, топтасып, ортақ шешім қабылдайды. Соңында атқарылған жұмыстың қорытындысын бағалайды. Сонымен қатар оқушы өз білімін тексеріп, бірлескен жұмыс барысында білімін толықтырып, өз бойында ұстанымдылық, шыдамдылық, жолдастарының жетістіктеріне орақтасып, оқуға деген қызғушылығы артады