Емтихан сұрақтары Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі


Формативті (қалыптастырушы) бағалау жүйе



бет3/13
Дата17.10.2022
өлшемі55,97 Kb.
#43610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
7. Формативті (қалыптастырушы) бағалау жүйе
Формативті (қалыптастырушы) бағалау – оқушының білім алуына септігін тигізіп, сонымен қатар, алға қойған мақсаттарына үздіксіз бағытталып отыратын үрдіс. Формативті бағалау бойынша қатып қалған «5, 4, 3 не 2» деген сандық бағалар болмайды. Ол бағалау критреилеріне сүйеніп, кері оқушымен кері байланыс орнатады. Яғни, оқушы қатесімен қайта жұмыстануға мүмкіндік алады.

Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты – оқу үрдісі кезінде оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулердің енгізілуі. Бұл жердегі түзету енгізу шарасы мұғалім мен оқушы бірігіп пәнге байланысты жаңа мәселелердің шешімін қарастырады.

Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың пәнмен байланысты қойған мақсатына жету үрдісін назардан шығармай, қадағалап отыруға және дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Ал оқушыға білім алу барысында жоғары жауапкершілікті сезінуге септігін тигізеді.

Қалыптастырушы бағалау:

• Күнделікті оқу кезінде қолданады. (сабақ сайын, күнделікті)
• Оқушының деңгейін әділ бағалап, сабақты еркін меңгеруге септігін тигізеді..

Бағалалау жүйесі талап ететін мақсатты белгілеудің мәрелік (стартовый) нүктесін анықтай отырып, әрі қарай былайша жылжу қажет болады:

• Мақсатты бағалауға мүмкіндік беретін оқу нәтиежесіне алмастыру;
• Нәтижеге қол жеткізу деңгейін анықтау;
• Бағалаудың мазмұнын және жобасын дайындау;
• Оқуға сәйкес әдістерді таңдау әрі оны жүзеге асыру;
• Бағалау және мақсатқа қаншалықты жеткенін анықтау.

Әрбір оқушының оқу барысында жеткен жетістігін өзге оқушылармен салыстырмай, тек, баланың қабылдау деңгейі мен оның жұмыс істеу қабілетіне байланысты сыни көзқарас нәтижесі арқылы бағаланатын бұл жүйе әрбір мектепке керек.


8. Формативті бағалау әдістері. https://ppt-online.org/447532
9. Суммативті (жиынтық) бағалау жүйесі.
Суммативті (қорытындылаушы) бағалау белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет