Емтихан сұрақтары: Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі


Тарихи білімнің тарихилық мәселесі



бет24/26
Дата28.03.2023
өлшемі65,59 Kb.
#77038
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
27. Тарихи білімнің тарихилық мәселесі.
Тарих ғылымының проблемаларын нақты методологиялық талдауларсыз шешу мүмкін емес. Бұл проблемаларға дәлірек айтсақ дүниежүзілік тарихи процестің заңдылықтары қазақ тарихынығ әлем тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі тарихтағы субъективті фактордың рөлі және сол секілді көптеген мәселелер жатады
Кеңес Одағының ыдырап, социалистік жүйенің жойылуына байланысты қазақстандық тарих ғылымының теориялық-методологиялық проблемаларын қайта қарап, жаңа тарихи таным қалыптастыру қажеттілігі туындады. Мұндай заңды құбылыс бірқатар саяси, әлеуметтік, идеологиялық, дүниетанымдық факторларға негізделді. Бұл бір жағынан алпауыт мемлекеттің тарих сахнасынан кетуіне, екіншіден, коммунистік идеологияның құлдырауына, үшіншіден, осыларға сәйкес ғылымда үстемдік еткен маркстік-лениндік идеологияның дағдарысқа ұшырауынан көрінді. Сондықтан да уақыт өткен сайын жаңа ғылыми методология қалыптастыру қажеттілігі айқын сезіле түсті. Тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар түйіндеу міндеті тұрды. Алайда тәуелсіз, соны тұжырымдар жасау көптеген қиындықтарға тірелді. Ғылымда эталондық ой-тұжырымдар, салмақты қорытындылар жасап келген тәжірибелі, білікті аға буын маман-зерттеушілер, ғалымдар бірден ескі ұстанымдардан бас тартып, жаңаша ойлауға бет бұра алмады. Осыған орай басым көпшілігі ғылыми зерттеулер жүргізуге ықылас таныта алмай, ғылымнан қол үзді. Жаңа бағытта төл тарихымызды жазуға тарихшылардың теориялық және методологиялық дайындықтарының төмендігі кедергі келтірді. Соның нәтижесінде жаңа тәуелсіз методологияны қалыптастыру ұзақ уақытқа созылды. Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасуда.
Тарих ғылымының проблемаларын нақты методологиялық талдауларсыз шешу мүмкін емес. Бұл проблемаларға дәлірек айтсақ, дүниежүзілік тарихи процестің заңдылықтары, қазақ тарихының әлем тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі, Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың және олардың ұрпақтарының әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүруі, жалпы мен жалқының айырмашылығы, тарихтағы субъективті фактордың рөлі және сол сияқты көптеген мәселелер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет