Емтихан сұрақтары: Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі



бет26/26
Дата28.03.2023
өлшемі65,59 Kb.
#77038
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
ВОПРОСЫ ТИМПИН

30. Тарихилық принципі
Тарихи зерттеулер методологиясында басты орынды тарихилық, объективтілік, әлеуметтік принциптер алады. Тарихилық және объективтілік принциптерінің тарихи оқиғалар мен құбылыстардың шынайы сипатын, мән- мазмұнын ашудағы маңызы зор. Сондықтан олар тарихшылар үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде басты принциптерге айналулары тиіс.
Тарихилықтың келесі таным принциптің аспектілері мынада: принцип шынайылық туралы білімді нақтыландыруға және дәйектей түсуге мүмкіндік береді. Тарихилық принципті бұрмалау тарихшыны ғана емес тарихнамашыны да қателіктерге ұрындырып, салдары ғылым мен қоғам үшін қауіпті болады. Тарихилық принципті дұрыс ұстанған тарихнамашыға тарихи дәуірлер мен кезеңдердің мерзімдерін дәл анықтауға, процестердің себептерін, барысы мен нәтижелерін, салдарларын, маңызын айқындауға қолайлы жағдай жасалады. Тарихилықтың тағы бір маңызы ол арқылы қоғам мен әлеуметтік топтардың, тұлғаның рөлін, тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туады.
Тарихилық принципінің басты талаптарының бірі - тарихнамада кезеңдер мен сатыларды, олардың дамуын уақыт желісі және заңды сабақтастық негізінде қарастыру, өткендегі оқиғаларды, құбылыстарды зерттеуде тарихи бағытты ұстану. Кезеңдер мен сатылар өзіне тән заңдары бар аяқталған цикл ретінде талданады. Тарихилық тарихнамада тарих ғылымының дамуындағы кезеңдер мен сатылардың ауысымын талдауда ғана көрінбейді.
Ғылым əртүрлі мəдени дəстүрлермен негізделетін рухани өмірдің ерекше аймағы болған соң, біз оның қоғам өміріндегі басқа түрлерден айырмашылығына тоқтап кетейік. Сол себеппен əуелі ғылыммен атқарылатын міндеттерге тоқтасақ: 1) дүниеге көзқарастық (мəдени-ағартушылық); 2) эвристикалық (танымдық); 3) практикалық; 4) болжау. Дүниеге көзқарас - дегеніміз дүние туралы пікір, индивидуалды жəне қоғамдық түрде қалыптасатын күрделі, интегралдық құрылыс. Көзқарастың бір бөлшегі білім болады.
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүние таным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің калауымен деп тұжырымдайды.
Адам баласы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын, оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді. Ол ғылымда ашылған әртүрлі құбылыстардың заңдылықтарын ғылыми пәндер негізінде таниды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет