Емтихан сұрақтары: Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі


Тарих шығармашылығындағы интуитивті және логикалық мәні



бет23/26
Дата28.03.2023
өлшемі65,59 Kb.
#77038
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
ВОПРОСЫ ТИМПИН

26.Тарих шығармашылығындағы интуитивті және логикалық мәні.
Ғылыми қызметтің ғылыми стильмен жазылған мәтінге айналуы бірден жүзеге аса қоймайды. Ғылыми ақпараттардың ғылыми стильге тән тілдік формаларда көрінуі үшін шығармашылық ойлаудың бірнеше кезеңін басынан өткереді. Сонда ғылыми ойлау тілдік формада көріну барысында ойлаудың басқа типтерімен, әуелі интуитивті, стихиялы ойлау түрлерімен де тығыз қарым-қатынаста болады. Субъективтіліктің де ғылыми туындының дайындалу барысында ықпалы кездесіп отырады. Ғылыми ойлау өз бастауын бұқаралық тәжірибеден алады. Өйткені бастапқы кезде көлемді ақпараттың өңделуі индивидуалдық, эмоционалдық деңгейде жүргізіліп, ықшамдалған жүйелі қалыпқа ене қоймайды. Оның өз психологиялық жеке моменттері болады. Зерттеуші ғылыми мәтіннің шынайы (идеалды) бейнесін (моделін) құрастыру үшін дайындық кезеңін өткізеді. Ғылыми шығарманың толық тілдік формаға көшуі, яғни ғылыми стильмен жазылған туындыға айналуы, — бұдан кейінгі кезеңнің жемісі. Мұнда зерттеушінің шығармашылық ойлауы психологиялықтан қатаң логикалылыққа, объективтілікке, стихиялылықтан жүйелілікке ауысады. Ғылыми баяндаулар айқын синтаксиске негізделіп, сөздердің орын тәртібінің сақталуында логикалық бірізділік орын алады. Бұл сәтті коммуникативтік кезең деп атайды. Ғылыми ой жаңа білім ретінде логикалық жолмен жасалған ақпарат пен құрылымдар арқылы танылады, тіл соларды неғұрлым дәл бейнелеу үшін, жеткізу үшін қолданылады. Ғылыми шығарманың авторы жалпыға бірдей қабылданған жағдайларға сүйене отырып, зерттеу нысанының негізгі белгілерін айқындайды. Олар пайымдаулар мен дәлелдеулерді нақты жеткізуге, дамытуға ұмтылады, мәселені логикалық жүйелілікпен баяндап, ғылыми абстракция жасайды, ғылыми ой мен ғылыми тілдің ажырамас бірлігі — ғылыми мәтінді тудырады. Сөйтіп, ғылыми стильде шығармашылық ойлау ғылыми стильді ұйымдастырушы, қалыптастырушы негізгі экстралингвистикалық фактор ретінде орын алады. Ойлау қызметі ғылыми салада қолданылатын тілдік жүйенің сұрыпталуына ықпал ететін тәсіл болып табылады. Ойлаудың өзі динамикалық құбылыс болғандықтан, тілдік формада ғылыми мәтіннің тууы ойлаудың бірнеше сатысынан кейін ғана жүзеге асады. Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, ол үдерісті мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
1) шығармашылық ойлаудың коммуникативтілікке дейінгі кезеңі; шығармашылық ойлаудың коммуникативті кезеңі. Нәтижесінде ғылыми тілдік шығарма дүниеге келіп, ғылым кеңістігін жаңа ақпараттармен толықтырады.
Ғылыми саладағы қарым-қатынастың негізгі бірлігі болып табылатын ғылыми мәтінді, оны интерпретациялаудың тетіктері (мәселен, прагматикалық факторлар — болжам, түсініктілік деңгейі, бағалауыштық мәндер), субъект категориялары (адресант және адресат факторлары) терең зерттеуді қажет ететін мәселелер болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет