Емтихан сұрақтары: Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі


Тарихи білімнің тарихилық мәселесі



бет2/26
Дата28.03.2023
өлшемі65,59 Kb.
#77038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
27. Тарихи білімнің тарихилық мәселесі.
28. Тарихи үрдіс және оның факторлары.
29. Тарих категориялары
30. Тарихилық принципі

1. Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі.
Кеңес Одағының ыдырап, социалистік жүйенің жойылуына байланысты қазақстандық тарих ғылымының теориялық-методологиялық проблемаларын қайта қарап, жаңа тарихи таным қалыптастыру қажеттілігі туындады. Мұндай заңды құбылыс бірқатар саяси, әлеуметтік, идеологиялық, дүниетанымдық факторларға негізделді. Бұл бір жағынан алпауыт мемлекеттің тарих сахнасынан кетуіне, екіншіден, коммунистік идеологияның құлдырауына, үшіншіден, осыларға сәйкес ғылымда үстемдік еткен маркстік-лениндік идеологияның дағдарысқа ұшырауынан көрінді. Сондықтан да уақыт өткен сайын жаңа ғылыми методология қалыптастыру қажеттілігі айқын сезіле түсті. Тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар түйіндеу міндеті тұрды.
Жаңа бағытта төл тарихымызды жазуға тарихшылардың теориялық және методологиялық дайындықтарының төмендігі кедергі келтірді. Соның нәтижесінде жаңа тәуелсіз методологияны қалыптастыру ұзақ уақытқа созылды. Бұл процесс күні бүгінге дейін жалғасуда. Тарих ғылымының проблемаларын нақты методологиялық талдауларсыз шешу мүмкін емес. Бұл проблемаларға дәлірек айтсақ, дүниежүзілік тарихи процестің заңдылықтары, қазақ тарихының әлем тарихының құрамдас бір бөлігі екендігі, Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың және олардың ұрпақтарының әртүрлі тарихи дәуірлерде өмір сүруі, жалпы мен жалқының айырмашылығы, тарихтағы субъективті фактордың рөлі және сол сияқты көптеген мәселелер жатады.
Тарихнамалық проблемаларды методологиялық ой-елегінен өткізу тарихи оқиғаларды түсінуді жаңа деңгейге көтереді. Тарихи процестерді жай түсіндіріп қана қоймайды, сонымен қатар ғылымның жай-күйін, оның қозғаушы күштерін, даму тенденцияларын айқындайды.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда тарихнамалық зерттеулерді жүргізуге ықылас артып, тарих ғылымының тарихын терең түсінуге алғашқы қадамдар жасалды. Мұның өзі жаңа, ғылымның түрлі салаларында қол жеткізілген жетістіктер тұрғысынан тарихнамалық методологиялық талдаудың заңдылықтары мен өзіне тән белгілерін тануды талап етті. Осы бағытта біраз жұмыстар жасалды. Тарихнамалық зерттеулердің методологиялық тұғыры болып танымның жалпы ғылыми мәртебесін иемденуші дербес диалектикалық-материалистік, философиялық ілімдер жүйесі, теориялық-әдіснамалық ұстанымдар қалыптастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет