105. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі.
Өсшдік организміне жоғары температураньщ (ыстықтың) әсерін зертгеу жұмыстары ХІХ-ғасырдьщ 70-жылдарынан-ақ басталған болатъш. Мысалы, Сакс (Sachs, 1864) әртүрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғарғы (максимум) температуралық деңгейі болады деп корсепі. Копте - ген осімдіктер +51° С ыстыққа 10 минутген артық тотеп бере алмайды, бірақ +49-50° С ыстыққа үзағырақ уақыт шьщайды деп түжырымдады. Кейінірек, осімдіктердің копшілігі үшін ең жоғарғы температура лық деңгей бүған қарағанда төменірек болатындығы анықталды. Мысалы, картоп өсімдігі 42,5° С ыстыққа бір сағаттан артық шыдай алмай, залалданатындығы байқалды. Заппер (Zapper, 1935) өсімдіктердің әртүрлі экологиялық топтарға жататын окілдерінің ыстыққа төзімділігін зертгеді. Зерттелген осімдіктерді ыстыққа тозімділік деңгейіне қарап, төмендегідей 6 топқа бөлді:
1. Көлеңкеде өсетін саумалдық (Oxalis acetosella), шытырлақ (Ітpatiern parviflora), т.б - температуралық максимумы + 40,5-42,5° С.
2. Су осімдіктеріне жататын элодея (Elodea callitrichoides) — +38,5°С), валлиснерия (Vallisneria) — +41,5° С.
3. Біршама көлеңкелеу жерде осетін шыршай (Geum urbanum), сүйел шоп (Chelidonium majus), қьірыққүлақтардың, т.б. өсімдіктерде ең жоғары температуралық деңгейі +45-46° С шамасында болады.
4. Ең жоғарғы температуралық деңгейі +48°С шамасында болатын қалампыр гүлдердің біраз түрлері, андыз, т.б. ашық, қуаңшылық аймақтарда осетін өсімдіктер.
5. Қоңыржай аймақтарда өсетін (мезофитгер) қара алқа (Solanum nigrum) және сасық меңцуана (Datura stramonium) - +49 5 жэне +47 С, қарамықша (Agrostemma githago) +44-45° С. ’
6. Ыстыққа өте төзімді жасаңшөптер (суккулент) +48 S-S4 ыстыққа шыдай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |