Эндокринология


сурет. Кальций алмасуының реттелуі Кальцитриол [1,25-(OH)



бет234/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   285
8.1 сурет. Кальций алмасуының реттелуі


Кальцитриол [1,25-(OH)2-D3] паратгормоны синергисті ретінде кальций резервуарына әсер етеді. Оның әсері ең алдымен ішекте кальций сіңірілуін жоғарылату мен бүйрек шумақтарында оның реабсорбциясын күшейтуге бағытталған. Холекальциферол (D3 дәрумені) теріде (эпидермистің мальпигий қабатында) ультракүлгін сәулесі әсерінен 7-дегидрохолестеролдан түзіледі (8.2 сурет).
Кейін холекальциферол D-байланыстырушы ақуызбен байланысып, бауырға түседі. Бауырда холекальциферол 25гидроксилаза ферментінің әсерінен 25-оксихолекальциферолға (25-OH-D3) айналады және осы дәрумен D-байланыстырушы ақуызбен бірге қан айналымда жүреді. Проксимальды иірімді түтікшелерде lα-гидроксилаза әсерінен 25-оксихолекальциферол C1-жағдайында гидроксильденеді, нәтижесінде биологиялық белсенді 1,25-диоксихолекальциферолға [1,25-(OH)2-D3] айналады.



8.2 сурет. D3 дәруменінің синтезі мен метаболизмі

Кальцитриол деңгейінің жоғарылауы қан сарысуында 1α-гидроксилазаның тежеліп, 24-гидроксилаза белсенділігін арттырады, бұл 25-OH-D3-дан 1,25(ОН)2-D3-тің емес, биологиялық белсенді емес қосымша 24,25-(OH)2-D3 өнімнің түзілуіне әкеледі. 1,25-(OH)2-D3 жасушалық деңгейде әсер етуі стероидты гормондарға ұқсас.


Кальций алмасуының реттелуінде қалқанша безіндегі С-жасушаларда синтезделетін кальцитонин гормоны маңызды рөл атқарады. Кальцитонин 32 амин қышқылынан тұратын пептид. Остеокласттар белсенділігін төмендетіп, кальцитонин сүйек матриксінің резорбциясын тежейді, нәтижесінде кальций мен фосфоттардың бсауына жағдай жасайды. Кальцитонин және паратгормон өндірілуі өзара кері байланыста болады. Кальцитонин секрециясын басты ынталандырушы қандағы иондалған кальций концентрациясының жоғарылауы болып табылады, ал ингибиторы- кальций деңгейінің төмендеуі. Адам мен жануарларда қалқанша безді (парафолликулярлы жасушалармен бірге) алып тастау гиперкальциемияға әкелмейді және сау адамдарға кальцитонинді енгізу қандағы кальций деңгейін төмендетпейді.
Қалыпты жағдайда адам тәулігіне 1 грамм кальций қабылдайды. Қабылданған кальцийдің 25-50%-ы 1,25-диоксихолекальциферол қатысуымен сіңіріледі. Қан сарысуында кальций екі түрде болады. Альбуминмен байланысқан кальций фракциясы рутинді әдіс арқылы анықталған кальцийдің жартысынан аз бөлігін құрайды. Бос (иондалған) кальций биологиялық белсенді болып табылады. Гипокальциемия паратгормонның синтезін ынталандырады, ол болса сүйек тінінен кальцийдің қанға шығуын және фосфордың несеппен шығуын күшейтеді, осылай қалыпты кальций мен фосфор қарым-қатынасын сақтауға мүмкіндік береді.
Ағзадағы кальцийдің (99 %) басым бөлігі сүйектерде болады. Сүйек тіні үнемі жаңарып отыратын динамикалық жүйе болып табылады, себебі онда өмір бойы ремоделдену үрдістері жүріп отырады: ескі сүйектің бұзылуы- сүйек резорбциясы және сүйек тінінің жаңаруы – сүйек түзілуі. Сүйек тіні жасушалық элементтерден, жасушааралық заттан - сүйек матриксі мен минералды компоненттерден тұрады. Сүйек тінінің құрамына келесі жасушалар кіреді: ақуыз синтездеуге қабілетті остеобластар, лизосомальды ферменттер әсерінен ескі сүйек тінін сіңдіретін остеокластар, остеоциттер- терең орналасқан сүйек лакуналарында орналасатын метаболикалық белсенді емес жасушалар; остеоциттер сүйек матриксінде болатын остеобластардан дамиды.
Сүйектің ремоделдену үрдісі 5 кезеңге бөлінеді (8.3сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет