Эндокринология



бет257/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   285
Этиологиясы
85–90% — қатерсіз солтарлы ісік; 10–15% жағдайда көптеген ісіктер және өте сирек жағдайда ҰБ-ден тыс (1 %) орналасады (көкбауыр қақпасы, бауыр, ұлтабар қабырғасы). 10% жағдайда І типті көптеген эндокринді неоплазия синдромы шеңберінде орналасады. (10.2 бөлімді қараңыз).


Патогенезі
Инсулинома кезінде дамитын гипогликемиялық синдром патогенезі негізінде гликемия деңгейіне тәуелсіз автономды түрде ісіктің инсулинді синтездеуі жатыры. Сау адамда ұзақ уақыт бойы ашығу қалыпты мөлшерден төмен глюкоза деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бұл кезде қанда инсулин мөлшері қалдықты концентрацияға дейін төмендейді. Инсулиномамен сырқаттанған науқастарда гликогенолиз ісік өндіретін инсулинмен тежеледі және АІЖ-нан қаен арнасына глюкоза түсуі тоқтағанда гипогликемиялық ұстаманың дамуына жол ашылады. Гипогликемияға жауап ретінде қанға контринсулярлы гормондар (катехоламиндер, кортизол, өсу гормоны) бөлініп, адренергиялық симптоматиканы дамытады. Нейроглюкопения көріністері қанда бас миы үшін аса маңызды басты энергетикалық субстраттың төмендеуімен байланысты дамиды. Созылмалы гипогликемия ОЖЖ-де дистрофиялық өзгерістерді тудырады.


Эпидемиологиясы
Инсулиномаөте сирек сырқат, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 1млн адамға 1 жағдай сәйкес келеді. Жиі 25-55 жас аралығында диагностикаланады. Балаларда жалпы инсулиноманың 5 %-ы ғана көрініс береді.


Клиникалық көрінісі

  • Адренергиялық симптомдар: қалтырау, тахикардия, суық тері, ашығу, қорқыныш, парестезия.

  • Нейрогликопениялық симптомдар: астения, сөйлеу, есту, көру қабілетінің бұзылуы, амнезия, бастың ауруы, сомноленция, тырысулар, кома.

Аталған симптомдардың айқындылығы ауытқиды. Ол тек адренергиялық немесе нейрогликопениялық симптомдар болуы мүмкін, бірақ гипогликемия ауырлығына тәуелді симптомдардың айқындылық дәрежесі арасындағы байланыс жоқ. Жылдам және айқын гликемия деңгейінің төмендеуі адренергиялық симптоматика мен естің үдемелі бұзылуымен сипатталатын гипогликемиялық шоктың дамуына әкеледі. Ұзаққа созылған гипогликемия және оның жиі дамитын эпизодтары ОЖЖ-де, әсіресе үлкен ми жартышарларында қайтымсыз өзгерістерді тудырады. Оның көрінісі делириозды және галлюцинаторлы-папаноидты эпизодтардан типті эпилептикалық ұстамаларға дейін, тіпті ойлау қабілеттің төмендеуіне дейін ауытқиды.
Ұстама жиі таңертең дамиды, бұл науқастың түнде тамақ қабылдамен түсіндіріледі. Науқастар әдетте таңертең әрең ұйқысынан оянады, есі баяу қалпына келеді, жартылай ояу болып, сұрақтарға үстіртін жауап қайтарады. Ұстама әдетте терең сетің бұзылысымен аяқталады және ол көктамырға салынатын глюкоза мөлшерімен тосқауылданады. Инсулиномамен сырқаттанған науқастарда тәбеттің жоғарылауы жөніндегі пікірлер шындыққа жанаса бермейді. Науқастар тағам қабылдағаннан кейін басталған ұстаманың тосқауылданатынын өздері де сезеді. Сондықтан науқастар тәтті ұн өнімдері мен тәттілерді «дәрі» ретінде тағамға сұранысы болмасада өзімен бірге ұстап жүреді. Инсулиномамен сырқаттанған науқастарда дене салмағы 15–40 кг дейін жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет