Эндокринология



бет267/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Клиникалық көрінісі

  • Диарея, іштің ауры, кекіру.

  • Қызу толқындары, телеангиэктазия, цианоз. Қызу толқындары физикалық жүктеме, алкоголь немесе ірімшік, кофе, ысталған тағамдар әсерінен дамуы мүмкін. Олар күндіз бойы немесе бірнеше минутқа ғана созылуы мүмкін және қатты тершеңдікпен сипатталады. Науқастар қызу сезіміне, тершеңдікке, жүректік қағуы мен дененің қалтырауына шағымданады. Кей науқастарда айқын сілекей мен көз жасының бөлінуі дамуы мүмкін. Осының көрінісінде айқын артериялық гипотензия, тыныстың қиындауы, диарея байқалады. Бет және дененің жоғары бөліктерінің түсі кейін тұрақты қошқыл-қызыл түске ауысып, телеангиэктазиялар дамиды (9.4 сурет). Асқазан мен бронхтардың карциноиды кезінде қызу толқындары бет және дененің жоғарғы бөліктерінің терісінде шекарасы айқын ашық-қызыл дақтардың дамуы байқалады.




9.4 сурет. Карциноидты синдроммен сырқаттанған науқастың қызу толқындары кезінде бет-әлпеті түсінің өзгеруі


  • Бронхоспазм (10–15 %), диспноэ, генерализацияланған қышыну.

  • Оң жақ жүректің жеткіліксіздігімен сипатталатын жүрек жарғақтарының фиброзы (науқастардың 2/3-і бөлігінде), сирек- шажырқайлық және ретроперитонеальды фиброз (ішек өтімсіздігі және несепағар обструкциясы көріністерімен).

  • Ішектің өсуі мен метастаз беруі (ішектік өтімсіздік, механикалық сарғаю және т.б.).



Диагностикасы

  1. Карциноидты ісіктердің басты метаболиті болып, тәуліктің несепте анықталатын серотонин метаболиті 5-ГИУСҚ табылады.Бронхтік және ішектік карциноидты диагностикалауда қорытынды шешім несепте серотонин мен гистаминді анықтаумен аяқталады.

  2. Ісіктердің топикалық диагностикасы (9.2 бөлімді қараңыз).Карциноидты ісіктер кезінде жоғары ақпараттылыққа соматостатин рецепторларының сцинтиграфиясы ие болады.



Салыстырмалы диагностикасы
1. Қызу толқындарымен сипатталатын клиникалық синдромдар (постменопаузальді синдром, бауыр циррозы, идиопатикалық қызу толқындары).
2. Клиникасында айқын симпатоадреналді компонент басым болса феохромоцитомамен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет.
3. Біріншілік локализациясы белгісіз ісіктердің бауырға метастаз беруі.


Емі.

  • Алыс,солитарлы, тіпті баяу өсетін метастаз болғанының өзінде оперативті араласу өз маңыздылығын жоғалтпайды.

  • Хемоэмболизация және бауыр метастаздарының алкогольды абляциясы.

  • Антипролиферативті және симптоматикалық терапия: таңдау дәрісі – октреотид. Сонымен қатар, α-интерферон дәрілері, полихимиотерапияның да нәтижесі жақсы (стрептозотоцин, 5-фторурацил және адриамицин).



Болжамы
Карциноидты ісіктердің қатерлік дәрежесі аутқымалы — 5-жылдық өлім көрсеткіші шамамен 50%-ды құрайды. Бірақ, найзағай тәрізді даму ағымы тән жағдайларда суреттелген болатын. Бірақ, осыған қарамастан жайылған метастаздық үрдіспен науқастардың өлім көрсеткіші бес жылдан асады (20 жылға және 10 жылға дейінгі өмір сүрген науқастарда жөнінде жағдайларда суреттелген). Болжамы құрт тәрізді өсіндінің карциноидты синдромы кезінде қолайлы да, ал бронх карциноидты кезінде нашар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет