7.8. ҚАНТТЫ ДИАБЕТТІҢ КЕШ
АСҚЫНУЛАРЫ
ҚД екі типінде де кеш асқынулар көрініс береді. Клиникалық ҚД-нің бес кеш асқынуларын ажыратуға болады: макроангиопатия, нефропатия, ретинопатия, нейропатия және диабеттік табан синдромы. Кеш асқынулардың жеке ҚД типтеріне бейспецификалығы, олардың патогенезі негізінде созылмалы гипергликемияның жатқандығын көрсетеді. Осыған орай, ҚД-1 манифестация кезінде кеш асқынулар көрініс бермейді, керісінше жүргізілген терапияға тәуелді бірнеше жылдардан немесе тіпті онжылдардан кейін дамиды. ҚД-1 кезінде аса клиникалық маңызды диабеттік микроангиопатия (нефропатия, ретинопатия) мен нейропатия (диабеттік табан синдромы) болып табылады. Ал ҚД-2 кезінде кеш асқынулар диагнозды қою кезінде анықталады. Біріншіден, бұл ҚД-2 манифестациясының диагнозды қойғанға дейін дамуымен байланысты. Екіншіден, клиникалық макроангиопатиямен көрініс беретін атеросклероз, ҚД патогенезі тармақтарымен ортақ қасиеттері болуында. ҚД-2 кезінде көптеген науқастарда диагноз қою барысында анықталатын диабеттік макроангиопатия аса клиникалық маңызды болып табылады. Әрбір жеке жағдайда кеш асқынулардың көрініс беруі, олардың парадоксальді болмауы мен ауыр түрде барлық асқынулардың ұштасуына дейін ауытқиды.
Кеш асқынулар ҚД-мен сырқаттанған науқастардың өліміне әкелетін басты себептердің бірі, ал оның кең тарауы- көптеген мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы басты маңызды медико-әлеуметтік мәселе. Осыған орай, ҚД-мен сырқаттанған науқастарды емдеу мен бақылаудың басты мақсаты кеш асқынулардың алдын алу (біріншілік, екіншілік, үшіншілік) болып табылады.
7.8.1. Диабеттік макроангиопатия
Диабеттік макроангиопатия — клиникалық жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА), бас миы, аяқ, ішкі ағза қантамырларының облитерациялаушы атеросклерозы және артериялық гипертензиямен көрінетін, ҚД кезінде ірі қантамырлардың атеросклероздық зақымдалуын біріктіретін ұғым (7.16 кесте).
7.16 кесте. Диабеттік макроангиопатия
Этиологиясы мен патогенезі
|
Гипергликемия, артериялық гипертензия, дислипидемия, семіздік, инсулинрезистенттілік, гиперкоагуляция, эндотелиальды дисфункция, тотығулық стресс, жүйелік қабыну
|
Эпидемиологиясы
|
ҚД-2 кезінде ҚД жоқ науқастармен салыстырғанда ЖИА-мен сырқаттану қаупі 6 есе жоғары. Артериялық гипертензия ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 20%-да, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 75%-да дамиды. ҚД кезінде шеткі қантамырлардың облитерациялаушы атеросклерозы науқастардың 10%-да, бас миы қантамырларының тромбоэмболиясы 8%-да көрініс береді
|
Басты клиникалық көрінісі
|
ҚД көрініс бермеген науқастардағы клиникалық көріністермен ұқсас. ҚД кезінде 30% жағдайда миокард инфаркті ауырсынусыз өтеді
|
Диагностикасы
|
ҚД көрініс бермеген науқастардағы клиникалық көріністермен ұқсас
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Басқа да жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, симптоматикалық артериялық гипертензия, екіншілік дислипидемиялар
|
Емі
|
Гипотензивті терапия, дислипидемияны коррекциялау, антиагрегантты терапия, ЖИА скринингтеу және емдеу
|
Болжамы
|
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың 75%-ы, ал ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың 35%-ы қайтыс болады
|
Достарыңызбен бөлісу: |