Энеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері


Зерттелуі -1946 жылы Ә.Х.Марғұлан



бет8/11
Дата02.11.2023
өлшемі94,21 Kb.
#121434
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ЭНЕОЛИТ ДӘУІРІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ

Зерттелуі

-1946 жылы Ә.Х.Марғұлан жоспарлы зерттейтін археологиялық экспедицияны ұйымдастырды.
-Ә. Марғұлан Беғазы және Дәндібай ескерткіш кешендерін алғаш зерттеп, Беғазы-Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген.

Таралу аумағы

-Ұлытау тауынан Абыралы, Шыңғыс тауларына дейін созылып жатыр.
-Оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бойы мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығын қамтиды.

Тұрғындары

-Алғаш мемлекеттік бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Оларды беделді рубасылар басқарған.
-Қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси-әкімшілік орталығы, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері болған.

Ерекшелігі

- Үйлер мен жерлеу орындарының құрылысы өте ірі, тас өңдеу архитектурасының дамығандығымен, тас қашау өнерінің жетілгенімен ерекшеленеді. Әдетте үйлердің қабырғалары бір бірімен балшықпен байланыстырып, ірі тастарды қалаған . Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс қаратылған
-Жерлеу орындарының көпшілігі-обалар.
-Жоғары лауазымды билеушілерге арнап қақпақ тастардан зәулім кесенелер тұрғызған.
-Андрон мәдениетінен ерекшелігі –Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсаққиыршықтастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпатастармен бекітілген.
-Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау, Айдарлы қорымдарындағы кесенелерәлеуметтік сатыда жоғары тұрған көсемдерге салынған.

Қоғамдық құрылысы

-Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рулық қауым ыдырап, жеке отбасылық шаруашылықтар бөлініп шықты.
-Рулық, ұжымдық меншіктің орнына жеке меншік келді. Жеке меншіктің шығуы әлеуметтік теңсіздікті тудырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет