Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын алып жатыр.
Ботай қонысы Солтүстік Қазақстан, Айыртау ауданы, Есіл өзенініңоң жақ саласы, Иманбұрлық өзенінің оң жақ жағасындағы еңіс алаңқайда орналасқан.
15 гектар жерді алып жатыр.
1980ж.тұрақты ашқан археолог В.Ф.Зайберт.
158 тұрғын үй табылған. Қоныстардан ошақорны және азық-түлік сақтайтын шаруашылық қоймасы ашылған.Табылған қыш құмыра түбіндегі майдың қалдығы Ұлыбританиядағызертханаға жіберіліп, ыдыстажылқы сүті сақталғандығы анықталды. Қымыз қалдығы сақталған ыдыстар табылды.
70 мыңнан аса жылқы сүйегі табылды. Жылқы сүйектерінен құрал-саймандар, қару-жарақтар, үйге және табынуға керекті заттар жасаған. Жылқының жілігін ұштап, ағаш қашайтын құрал жасаған. Жылқы осы уақыттан бастап ХІХ ғасырға дейін құрлық бойынша қатынайтын негізгі көлік түріне айналды.
Ботайлықтар алғашқы металл-мыстыигере бастаған.
Еуразия даласында алғашқы жылқы өсірушілер – ботайлықтар. Әлем ғалымдары жылқыны алғаш қолға үйрету ежелгі қазақ даласында болғандығын мойындады.