-Іле-Шу таулары жартастарына 2000 жыл бойы салынған. Жамбыл облысы Қордай ауданы Құлжабасы тауында орналасқан.
-2012 жылы Ә.Марғұлан атындағы археологиялық зерттеу тобы тапқан.
-Жартас суреттерінің саны 4000-нан асады.Бұл суреттер қола дәуірінен бастап ерте темір дәуірі, сақ тайпалары кезеңдерін қамтиды.
-Қола дәуіріне жатындары:
Ерте қола дәуіріне- жабайы бұқа, қасқыр маскасын киген адам, аңшылық хикаялары;
Кейінгі қола дәуіріне- көлемі кішірек жан-жануарлар бейнелері жатады.
-Темір дәуіріне- қару ұстаған жауынгерлер, әйел, бала бейнелері салынған суреттер жатады.
Ешкіөлмес петроглифтері
-Жоңғар тау шатқалдарының солтүстік-батыс бөліктеріндегі жартастарға салынған. Алматы облысындағы Ешкіөлмес жотасы бойында орналасқан.
-Суреттер саны 10 000-нан асады.
Арпаөзен петроглифтері
-Қаратаудың Келіншектау жотасында орналасқан. Түркістан облысы Созақ ауданы жерінде орналасқан.
-Ескерткіш б.з.б. 1-2 мыңжылдыққа, қола және ерте темір дәуіріне жатады.
-Суреттер саны 3,5 мынан асады.
-Қос атты жауынгерлік арбалар қазақ жерінде өмір сүрген үнді-арийліктердің мифтік және діни-әдет ғұрыптары, олардың көшіп қону үдерістерінен мәлімет береді.
-Темір дәуірінде салынған қос аяқты ат,өгіз және түйе жеккен соғыс арбалары мен шаруашылық арбаларының суреттері кездеседі.
Баянжүрек петроглифтері
-Жетісу (Жоңғар) Алатауының Қаратау сілемінде сақталған. Алматы облысы Ақсу ауданында орналасқан.
-Суреттерде қола дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейінгі тайпалар мен халықтардың тұрмыс-тіршілігі баяндалады.
-Сақ стилімен салынған бейнелер, ғұн-сарматкезеңіне жататын көріністер, көне түркі дәуірінің салт атты сарбаздар бейнесі салынған.
Таңбалы немесе Тамғалы петроглифтері
-Жетісудың ең көне, маңызды ескерткіштерінің бірі.
-1957 жылы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының археологтары белгілі археолог К.Ақышевтің жетекшілігімен ашқан.
-Таңбалы шатқалында 5 мыңдай сурет салынған. Орта қола, кейінгі қола, ерте темір (сақ, үйсін), орта ғасырлар (ертедегі түркілер), жаңа заман дәуірлерінде қашалған.
-Жауынгерлер, арбалар, жануарлар және Күн басты бейнелер салынған. Күн басты мифологиялық адам мәңгіліктің символы саналған. Олар Көк тәңірмен байланысты күнге табынуды сипаттайды.
-2004 жылы ЮНЕСКО тізіміне енгізілді.