Енжар иммунопрофилактика және жануарлардың инфекциялық ауруларын арнайы емдеу құралдары


Жүре пайда болған иммунитетті жедел тудыру үшін, яғни организмге қансарысуын енгізгеннен кейін иммундық жауап 2-6 сағатта пайда болады



бет2/8
Дата20.12.2023
өлшемі177,62 Kb.
#141440
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12 дәріс

3. Жүре пайда болған иммунитетті жедел тудыру үшін, яғни организмге қансарысуын енгізгеннен кейін иммундық жауап 2-6 сағатта пайда болады.


Енжар иммунитеттің кемшілігі:
1. Негізінен гуморальды иммунитет тудыратын болғандықтан, клетка ішінде тіршілік ететін инфекциялық агенттерге (вирустар, риккетсиялар, микоплазмалар, хламидиялар т.б.) профилактикалық және терапеялық әсері төмен;
2. Енгізілетін препарат мөлшерінің шектеулі болуынан және енгізілген иммуноглобулиндердің жануарлар организіміндегі клетка сыртындағы концентрациясын бақылау мүмкін болмағандықтан, препараттың тиімділігі төмендеу болады.

Профилактикалық, әсіресе емдік мақсатта енжар иммунитетті тудыру кезінде бір тәулік ішінде препаратты бірнеше рет енгізу қажеттілігі туындайды. Жануарларды үнемі енжар иммундеу салдарынан, кейде стационарлық инфекциялық ошақта реинфекция туындаса, жануарлар организімінде иммундық жауап түзілу қабілетін бәсеңдетуі мүмкін.

Профилактикалық, әсіресе емдік мақсатта енжар иммунитетті тудыру кезінде бір тәулік ішінде препаратты бірнеше рет енгізу қажеттілігі туындайды. Жануарларды үнемі енжар иммундеу салдарынан, кейде стационарлық инфекциялық ошақта реинфекция туындаса, жануарлар организімінде иммундық жауап түзілу қабілетін бәсеңдетуі мүмкін.

Осыған байланысты, енжар иммундеу және спецификалық терапия шараларын жүргізу тактикасы мен стратегиясы жұқпалы аурулардың белсенді иммундеуден айтарлықтай ерекшеленеді. Сондықтан, енжар иммундеуді тек жұқпалы ауруға нақты, дәлелді диагноз қойылған кезде ғана жүргізеді.


Енжар иммундеуге арналған ветеринариялық препараттар көбінесе сұйық түрде, сақталу мерзімі 1-4 жылға шығарылады. Олар қараңғы жерде, 5-100С температурада сақталуы тиіс.
Мұздатылған препараттар қолдануға жарамсыз болып табылады.
Енжар иммундеу кезінде түрлі аллергиялық реакциялар жиі болады. Себебі, енжар иммундеу кезінде, әсіресе венаға енгізу кезінде жануарлар ақзаттарының гомо- немее гетерологиялық түрлері көп енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет