Енжар иммунопрофилактика және жануарлардың инфекциялық ауруларын арнайы емдеу құралдары



бет3/8
Дата20.12.2023
өлшемі177,62 Kb.
#141440
1   2   3   4   5   6   7   8

Реконвалесцентті қансарысулары

  • Реконволесцентті қансарысуы дегеніміз – белгілі бір жұқпалы аурумен ауырып жазылуы нәтижесінде иммунитет жақсы қалыптасқан мал қансарысуын айтамыз. Ветеринарияда оны «ауырып жазылған мал қансарысуы» деп атайды.

Бұл әдіс көбінесе бір түр ішіндегі жануарларға қолданылады, әдетте қансарысуын көп мөлшерде енгізгеннің өзінде әдетте реципиент асқынусыз көтереді.
Тіпті қорғаныс белсенділігі төмен препараттың өзі де реципиентке зиянсыз болып табылады. Реконвалесцентті қансарысуын инфекциялық аурудың жедел алдын-алу үшін немесе емдеу үшін қолданады.
Қорғаныс белсенділігі төмен препаратты максимальды жоғары мөлшерде енгізеді (1 кг салмаққа 1 мл-ден кем емес). Әйтседе, реонвалесцентті қансарысуында болатын антиденелердің титрі аз болғандықтан, кәзіргі уақытта көп қолдана бермейді.

Гипериммунды қансарысуы (жоғары иммундау) – дегеніміз донор малдардың қансарысуы, оларға бірнеше рет антиген енгізу арқылы антидене мөлшерін ауырып жазылған малдарға қарағанда бірнеше рет арттырған.

Гипериммунды қансарысуы (жоғары иммундау) – дегеніміз донор малдардың қансарысуы, оларға бірнеше рет антиген енгізу арқылы антидене мөлшерін ауырып жазылған малдарға қарағанда бірнеше рет арттырған.

Өндірістік жағдайда гипериммунды қансарысуын жылқылардан, ірі қараданғ шошқалардан және қояндардан алады.

Гипериммунды қансарысуын пайдаланғанда малдәрігері реципиент жануар аллогенді (гомологиялық, ауру қоздырушысына тән) және ксеногенді (гетерологиялық, ауру қоздырушысына тән емес) аллергендерді алатынын ескеру қажет. Гетерологиялық қан сарысуын құйғанда реципиент малда анафилактикалық шок болмауын қадағалау қажет.


Емдеу бағытына қарай сарысулы препараттар бактерияға қарсы, вирусқа қарсы, токсикаға қарсы деп бөлінеді.
Бактерияға қарсы сарысулар малдәрігерлік тәжірибеде кеңінен қолданылады. Қансарысуы құрамындағы антиденелер кешені фагоцитоз және лизис арқылы ауру қоздырушысын инактивтейді (сібір жарасына қарсы қансарысуы, пастереллезге қарсы қансарысуы т.б.).
Вирусқа қарсы қансарысуын бірқатар вирустар тудыратын аурулардың алдын-алу мен емдеуге қолданылады (Ауэски, оба т.б.). вирусқа қарсы қансарысуы вирустарды бейтараптап, преципитациялайтын антиденелердің әсерінен инактивтенеді.
Қансарысуы стерильді, қауіпсіз, тиімділігі жоғары болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет