Енжар иммунопрофилактика және жануарлардың инфекциялық ауруларын арнайы емдеу құралдары



бет6/8
Дата20.12.2023
өлшемі177,62 Kb.
#141440
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
12 дәріс

Алынатын қансарысуының сапасына:

  • Қолданылатын антигеннің сапасы (тазалығы мен бөлшері, концентрациясы)
  • Арнайы емес әсер ететін заттар мен адъюванттардың сапасы;
  • Продуцент-жануарлардың жеке ерекшеліктері (иммунологиялық қабілеті)
  • Гипериммундау әдісі мен схемасы
  • Жануарлардың бағып-күтілуі әсер етеді.

Гипериммунды қансарысуын алу кезінде антигендердің әсерін адъювант заттармен, яғни көбінесе гидроокис алюмини, алюминий квасцы гелдері т.б. заттар қолданылады.

Гипериммунды қансарысуын алу кезінде антигендердің әсерін адъювант заттармен, яғни көбінесе гидроокис алюмини, алюминий квасцы гелдері т.б. заттар қолданылады.

Адъюванттардың сапасына мән беріледі:

-тазалығы (хмиялық қосылыстардың болмауы)

-гел түзу тұрақтылығы

-антиденені сіңіруі

Вирустық қансарысуын даярлағанда адъюванттар қолданылмайды.


Продуцент-жануарларды таңдау және гипериммундау әдістері:
Биофабрикаға әкелінген жануарлар 45 тәулік карантинде ұсталады. Бұл кезде олардың дене температурасы күніне 2 рет (таңертең, кешке) тексеріледі, гельминттерге тексереді, қажет жағдайда дегельминттейді. Нормативті-техникалық талаптарға сәйкес инфекциялық ауруларға тексеріледі.
  • жылқыларды маңқа, трихомоноз, бруцеллез, туберкулез, пироплазмоз, инфекциялық анемияға тексереді.
  • ірі қараны – туберкулезге, бруцеллезге, лептоспирозға, лейкозға тексереді;
  • шошқаларды – туберкулезге, бруцеллезге;
  • қойларды –бруцеллезге, паратуберкулезге т.б. ауруларға тексереді.
  • 3-12 жастағы, дон және қазақ тұқымды, 450-500 кг салмақты жылқылар пайдаланылады.
  • 3-8 жасар, салмағы 350-ден кем емес, калмак, симментал, швиц, астрахань тұқымды өгіздер пайдаланылады.
  • 5-6 айлық, салмағы 80 кг-нан кем емес, ірі, ақ түсті тұқымды шошқалар пайдаланылады.
  • 2-3 жасар, салмағы 30-45 кг қойлар пайдаланылады.

Жануарлардан үнемі қан алынатындықтан, зат алмасуы бұзылатынын және анемияға ұшырайтынын ескере отырып, жануарларды толық құнды азықпен азықтандырады.
Бұндай рационға 11-12 тағамдық бірлік кіреді, күніне 1000-1200 г протеин, витаминдер, минералдар беріледі.
Қанды қалпына келтіру үшін рационға эритроциттер, фибрин, азықтық антибиотиктер қосады.
Жануарларды күніне 3-5 рет азықтандырады, суды шектеусіз береді, жалауға тұз қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет