Продуцент –жануарларды серологиялық әдістермен қанындағы антиденелер тексеріледі. Жануарларға белгілі бір ауру қоздырушысының антигенін енгізіп, антидененің артқанын бақылайды. антидене титрі 1:800 жеткен жануарлардан қан алады. Антидене титрі 1:800 жетпеген жануарларды қолданыстан шығарады.
Әдетте, антигенді тері астына немесе бұлшықетке, лимфалық түйіндерге жақын маңға, бірнеше жерден енгізеді. Антиген енгізетін және қан алатын аймақтардың терісін дезинфекциялық ерітіндімен өңдейді. Жануарларды гипериммундеу процессі 1-2 айға созылады.
Мысалы, сібір жарасына қарсы гипериммунды қансарысуын алатын жылқыларға алдымен Ценков ІІ вакцинасын егіп тұрақты иммунитет қалыптастырады, содан кейін, сібір жарасының тәуліктік өсіндісін енгізеді.
Бұл кезде ауру қоздырушысының 12 штаммы пайдаланылады, әр салғанда 4 штаммнан тұратын қоспа пайдаланылады. Жылқыларды гипериммундеу аз дозадан басталады: 0,5; 1,0; 2,5; 5,5 мл антигенді 3 күн өткізіп, салып отырады.
Содан кейін, 3-4 күн бақылап, 10,0; 20,0; 40,0; 80,0; 100,0; 110,0; 120,0; 130,0; 140,0; 150,0 мл антигенді 3 күн сайын енгізеді. Дене температурасы көтерілсе, антигенді 4-5 күннен кейін енгізеді.
Мамандардың айтуынша, әр организмнің реактивтілігі әртүрлі болғандықтан, әр жануарға гипериммундау схемасы әр түрлі қарастырылады.
Гипериммундау аяқталған соң, 7-10 күннен кейін антидене титрі тексеріледі, титрі жеткен жануарлардан қан алады.
Жануарлардан қан алу біртіндеп басталады. Әдетте вена тамырынан, шамамен 50 кг салмақтан 800 мл қан алынады (немесе жануарлардың жалпы салмағынан 13% қан алынады.
Малдан бірнеше рет қан алғанда, организмнің иммундық реакциясы өзгереді. Көбінесе IgM- антиденесінің белсенділігі бәсеңдейді.
Жануарларды толық қолданыстан шығару уақыты болғанда, олардан қан толығымен алынады. Бұл кезде жануарларға жүрек жұмысын жақсартатын дәрілік заттар беріледі. Содан кейін толық қансыздандырады.
Әдетте, жануарларды бірнеше рет гипериммундайды (5-8 рет), осы циклдар аяқталғаннан кейін барып, толық қансыздандырады.