Анатоксиндер деп микроб, өсімдік, жануартекті токсиндерді бейтараптайтын арнайы иммуноглобулиндері бар гипериммунды қансарысуын айтамыз.
Бұл қансарысулар негізінен микробтар түзетін токсиндерді жою үшін, токсико-инфекциялық ауруларға қарсы қолданылады.
Оларға: тырысқақ, ботулизм, анаэробты т.б. инфекциялар жатады. Антитоксикалық иммунитет жоғары спецификалық болады.
Антитоксиндерді дер кезінде қолдану организм клеткаларын бактериялық экзотоксиндерден тиімді қорғайды.
Антитоксиндерді кештеу қолданғанда, малды емдеу екіталай, себебі токсиндер организм клеткаларымен байланысқаннан кейін қайтымсыз процесс дамиды.
Антитоксиндердің профилактикалық дозалары (антитоксикалық қансарысуларының) өте төмен болуы, ал емдік мақсатта қолданғанда біршама көп болуы қажет.
Арнайы иммуноглобулиндер
Гуморальды иммунитет көбінесе қансарысуының гаммаглобулинді фракциясымен байланысты. Табиғи ауру жұқтырғанда немесе жасанды жолмен малды гипериммундегенде түзілетін антиденелер (гаммаглобулиндер) қан плазмасында гамма-глобулиндер фракциясы түрінде болады.
Оларды қалыпты жағдайдағы гаммаглобулиндер және гипериммунды гаммоглобулиндер деп бөледі. Алғашқысы сау малдың қансарысуындағы гаммоглобулиндер болса, екіншісі арнайы гипериммунделген малдардың қансарысуындағы гаммаглобулиндер болып табылады.
Кәзіргі кезде Ауески, құтырық, сіреспе т.б. ауруларға қарсы бағытталған арнайы иммуноглобулиндер шығарылады.
Гаммоглобулиндерді аурудың алдын-алу үшін қолдану қымбатқа түседі, сондықтан малдәрігерлік тәжірибеде көп қолдана бермейді.
Енжар иммундыпрофилактикалық және арнайы иммунды терапеялық препараттар
Ересек өндірістік жануарларды емдеу, алдын-алу үшін: