ӘӨЖ 378: 37. 015. 3: 07 Қолжазба құқығында



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.04.2017
өлшемі0,65 Mb.
#11062
1   2   3   4   5   6

Зерттеу  әдістері:  зерттеу нысанына алынған проблема бойынша ғылыми-

теориялық,  педагогикалық,  психологиялық  әдебиеттерге  талдау;  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  (теледидар,  радио)  жасөспірімдер  мен  жастарға  тәрбие 

беру бағытындағы бағдарламаларын, басылымдар материалдарын талдау және 

жүйелеу;  интернеттегі  білім  беру  саласына  және  жастар  мен  жасөспірімдерге 

арналған  қазақстандық  сайттардың  материалдарына  талдау  жасау;  студенттер, 

мұғалімдер,  оқушылар  арасында  сауалнама  жүргізу,  әңгімелесу;  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарына,  типтік  бағдарламаларына,  оқу 

жоспарлары  мен  бағдарламаларына  сараптама  жасау;  мектептердің  озық  іс-

тәжірибелерін  жинақтау;  эксперименттік  жұмыстың  нәтижелерін  талдау, 

алынған нәтижелерді математикалық өңдеу әдістері. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: 

1. Бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбие үрдісіндегі орнына бүгінгі күн 

тұрғысынан  баға  берілді.  БАҚ  арқылы  болашақ  мұғалімдерді  тәрбие  үрдісіне 

дайындаудың маңыздылығы нақтыланып, ғылыми тұрғыдан негізделді; 



 

2.  «Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 



үрдісіне  дайындау»,  «бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  беру», 

ұғымдарының педагогикалық мәні нақтыланды; 

3.  Білім  беру  жүйесінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалану  жайы 

және оған болашақ мұғалімдерді дайындау мәселесі талданды; 

4.  Болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың 

тұжырымдамасы  мен  моделі жасалды  және  оған  ғылыми  негізделген  талаптар 

дайындалды; 

5. Болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы тәрбие үрдісіне дайындауда жоғары 

педагогикалық  оқу  орындары  оқу-тәрбие  үрдісінің  мүмкіндіктері  сараланып, 

білім мазмұнын жетілдірудің негіздемесі жасалды; 

6.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне  дайындаудың  педагогикалық  жүйесі  жасалды  және  оның  тиімділігі 

негізделді; 

7.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне 

дайындаудың 

тиімділігін 

көрсетуге 

байланысты 

жасалған 

жұмыстардың нәтижелілігі дәлелденді; 

8.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне дайындаудың әдістемесі жасалып, ұсыныстар берілді. 

Зерттеудің  практикалық  мәнділігі:  зерттеу  жұмысының  нәтижелері 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  білім  беру 

жүйесінің  барлық  деңгейіне  арналған  қазақстандық  тәрбие  жүйесі  моделін 

дайындауда 

пайдаланылды. 

Зерттеу 


жұмысының 

қорытындыларын 

педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  жалпы  білім  беру  және 

педагогикалық  цикл  пәндерінің  мазмұнын  жетілдіруде  қолдануға  болады. 

Сондай-ақ,  зерттеу  нәтижелері  бойынша  беріліп  отырған  тәжірибелік, 

әдістемелік  ұсыныстарды  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  және 

мектептің  тәрбие үрдісінде,  сонымен  қатар мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 

институттарында пайдалануға болады. 

Зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың  тиімділігін  арттыру 

және  оқу-әдістемелік  тұрғыдан  қамтамасыз  ету  үшін  оқу-тәрбие  үрдісіне 

төмендегідей оқу-әдістемелік құралдар ендірілді: 

1.  «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдары  негізінде  тәрбие 

жұмыстарын ұйымдастыру». //Оқу-әдістемелік құралы.– Астана: Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2007. −77 б. 

2. «Баспасөз және тәрбие мәселесі». //Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2007. −110 б. 

3.  «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдары  негізінде  тәрбие 

жұмыстарын  ұйымдастыру  әдістемесі».//Арнайы  курс  бағдарламасы.  –

Астана: Күлтегін, 2008. −26 б. 

4.  «Бұқаралық  ақпарат  құралдарын  мектепте  пайдалану  әдістемесі». 

//Оқу құралы. – Астана: Күлтегін, 2008. −127 б. 



 

10 


5.  Төменгі  сынып  оқушыларының  тәрбие  жұмысының  технологиясы. 

//Оқу-әдістемелік  кешен  –  Астана:  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті, 2008. − 95 б. 

6. «Студенттерді тәрбие жұмыстарына дайындауда бұқаралық ақпарат 



құралдарын пайдалану». //Оқу құралы. – Астана: Күлтегін, 2008. – 173 б. 

7.  «Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 



үрдісіне  дайындау  тұжырымдамасы».  //Тұжырымдама.  –  Астана:  Күлтегін, 

2008. – 74 б. 

8.  «Бұқаралық  ақпарат  құралдарын  тәрбие  жұмысында  пайдаланудың 

теориялық және әдістемелік негіздері» //Оқу құралы. –Астана: Күлтегін, 2009. – 

152 б. 

9.  Болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындау. 



//Монография.  – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 

2009. − 311 б. 



Зерттеу кезеңдері: 

Бірінші 

кезеңде 

(2001-2002жж.) 

Зерттеу 

проблемасы 

бойынша 

философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, саяси әдебиеттерге 

талдау  жасалды,  зерттеудің  ғылыми  аппараты  мен  жоспары  құрылды, 

проблеманың  қазіргі  кездегі  жағдайы  зерттелді,  болашақ  мұғалімдерді 

бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудағы  

әдіснамалық  проблемасы  анықталды,  эксперимент  жұмыстарын  жүргізу  үшін 

база дайындалды. 

Екінші  кезеңде  (2002-2004жж.)  анықтаушы  эксперименттің  нәтижесінде 

болашақ  мұғалімдердің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісін 

ұйымдастыруға  дайындық  деңгейі  анықталып,  талданды.  Сонымен  қатар, 

болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне 

дайындау тұжырымдамасы мен моделі және педагогикалық жүйесі дайындалды, 

педагогикалық  мамандықтарға  арналып  жасалған  «Бұқаралық  ақпарат 

құралдары арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» арнайы курс 

бағдарламасы  және  студенттердің  дайындығын  жүзеге  асыруға  арналған  оқу, 

оқу-әдістемелік құралдар сынақтан өткізілді. Ұсынылған әдістеменің тиімділігі 

болашақ мұғалімдермен оқу, оқудан тыс кезеңдерде тексерілді. 



Үшінші  кезеңде  (2004-2006 жж)  болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат 

құралдары арқылы тәрбие үрдісіне дайындауға байланысты ұсынған модельдің 

және педагогикалық жүйенің тиімділігі тексерілді. 

Төртінші кезеңде (2006-2008ж.ж.) алынған нәтижелер бір жүйеге келтірілді, 

зерттеу  нәтижелері  бойынша  қорытындылар  жасалып  жұмысты  өңдеу  жүзеге 

асырылды. 

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 

1.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тәрбие  үрдісіндегі  мүмкіндіктерін 

тәжірибеде 

пайдалана 

білуге 

болашақ 


мұғалімдерді 

дайындаудың 

көкейкестілігінің ғылыми негіздемесі; 

2.  «Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне  дайындау»,  «бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  беру», 

ұғымдарының әлеуметтік-педагогикалық мәні мен мазмұны; 



 

11 


3.  Білім  беру  жүйесінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалану  және 

оған болашақ мұғалімдерді дайындау мәселесінің талдауы; 

3.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне дайындау тұжырымдамасы және моделі; 

5.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындауда 

жоғары педагогикалық оқу орындары оқу-тәрбие үрдісінің мүмкіндіктері және 

білім мазмұнын жетілдірудің негіздемесі ; 

6.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне дайындаудың педагогикалық жүйесі; 

7.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне  дайындаудың  тиімділігін  көрсетуге  байланысты  эксперименттік 

жұмыстардың нәтижесі; 

8.  Болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 

үрдісіне дайындау әдістемесі. 



Зерттеу  нәтижелерінің  дәлелділігі  мен  негізділігі:  теориялық  және 

әдіснамалық  тұрғыдан  дәлелденуімен,  ғылыми  аппараттың  зерттеу  міндеттері 

мен  логикасына  сәйкестігімен,  кешенді  зерттеу  әдістерін  қолданумен, 

тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстардың  жоспарлы  түрде  өткізілуімен, 

бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, алынған 

нәтижелердің  тиімділігін  эксперимент  арқылы  тексерумен  және  олардың 

жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  оқу-тәрбие  үрдісіне  ендірілуімен 

қамтамасыз етіледі. 



Зерттеу  базасы:  тәжірибелі-эксперимент  жұмыстары  Л.Н.Гумилев 

атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  педагогикалық  мамандықтар 

студенттерімен,  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  және 

Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  студенттерімен,  Астана 

қаласының білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта 

даярлау институтының тыңдаушыларымен, Астана қаласының Райымбек батыр 

атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі, №38 мектеп - лицейі, №8, 28,30, 51 

жалпы білім беру мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен жүргізілді. 



Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру:  зерттеу 

жұмысының 

нәтижелері 

Л.Н.Гумилев 

атындағы 

Еуразия 


ұлттық 

университетінде  ұйымдастырылған  әртүрлі  дәрежедегі  конференцияларында 

(2002-2009),  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияларда:  «Қазақ 

баспасөзі  жаһандану  дәуірінде»  (Астана,  2004),  «Дарынды  балалар  Қазақстан 

Республикасындағы үздіксіз білім берудің ұлттық моделі контексінде» (Астана, 

2006),  «Қазақстанның  әлеуметтік  модернизациясы:  проблемасы  және 

болашағы»  (Астана,  2006),  «Жастар  және  қазіргі  заманның  өзекті  мәселелері» 

(Қарағанды,  2006),  «Салауатты  өмір  салты»  (Астана,  2006),  «Қазіргі  кезеңдегі 

тұлғаның  үйлесімді  дамуына  қатысты  өзекті  мәселелер»  (Астана,  2007), 

«Молодежь  и  современность:  проблемы  мировоззрения,  политики  и  морали» 

(Семей, 2007), «Білім берудің инновациялық моделі: бағыттары мен болашағы» 

(Ақтөбе, 2007), «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті 

мәселелері»  (Шымкент,  2007),  «8-ші  Сәтбаев  оқулары»  (Павлодар,  2008), 

«Білім  және  ғылым:  Қазақстан  мен  Ресей  ынтымақтастығының  тәжірибесі мен 



 

12 


болашағы»  (Семей,  2008),  «Шоқан  тағлымы-12»  (Көкшетау,  2007),  «Шоқан 

тағлымы-13»  (Көкшетау,  2008),  «Глобализация  и  современные  университеты» 

(Қарағанды,  2008),  «Средства  массовой  коммуникации  в  социокультурном 

пространстве  современной  России»  (Мурманск,  2008),  «Проблемы  качества 

образования  в  современном  обществе»  (Пенза,  2008),  «Қазақстандағы  үздіксіз 

кәсіби  білім  берудің  мәселелері  мен  перспективалары»  (Астана,  2009) 

баяндалды. 

Республикалық 

ғылыми-практикалық 

конференцияларда: 

«Мұғалім 

мамандарын дайындау: мәселелері, болашағы және шешу жолдары» (Арқалық, 

2006),  «ХХІ  ғасырдағы  қазақ  мектебі:  даму  болашағы»  (Алматы, 2006),  «Жаңа 

формация педагогын кәсіби даярлау: өзекті мәселелер және алдағы жоспарлар» 

(Көкшетау, 2006), «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-

2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  мазмұнын  іске 

асырудың  теориялық  және  практикалық  мәселелері»  (Қарағанды,  2007), 

«Жоғары  кәсіптік  білім  беруді  реформалау  жағдайында  педагог  кадрларды 

даярлау»  (Семей,  2007),  «Әлемдік  білім  беру  кеңістігіндегі  қазіргі  үрдістер 

және  бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлаудың  өзекті  мәселелері:  әдістаным, 

инновация, ізденіс» (Астана, 2007), «Кредиттік оқу жүйесі жағдайында педагог 

мамандарды  дайындау  мәселелері»  (Астана,  2008)  баяндалды.  Сондай-ақ, 

зерттеу  жұмысының  материалдары  ғылыми-педагогикалық  басылымдарда, 

ғылыми жинақтарда жарық көрді. 



Диссертация  құрылымы:  диссертация  кіріспеден,  төрт  тараудан, 

қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. 



Кіріспе  бөлімінде  мәселенің  көкейкестілігі,  ғылыми  аппараты:  мақсаты, 

нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және 

теориялық  негіздері,  зерттеу  көздері  мен  әдістері,  ғылыми  жаңалығы  мен 

теориялық  мәнділігі,  практикалық  мәнділігі,  кезеңдері,  қорғауға  ұсынылған 

қағидалар,  зерттеу  нәтижелерінің  дәлелділігі  мен  негізділігі,  зерттеу 

нәтижелерінің сынақтан өткізілуі мен тәжірибеге ендірілуі берілді. 



      «Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие 

үрдісіне  дайындаудың  теориялық  негіздері»  атты  бірінші  тарауда        

болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне 

дайындаудың педагогикалық негіздері ашылып,  бұқаралық  ақпарат құралдары 

арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындау  ұғымына  психологиялық-педагогикалық 

тұрғыдан  жан-жақты  талдау  жасалды.  Сондай-ақ,  осы  тарауда  бұқаралық 

ақпарат құралдарының тәрбиелік мүмкіндіктерінің зерттелу жағдайы талданды. 

      «Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие 

үрдісіне  дайындаудың  әдіснамалық  негіздері» атты екінші тарауда  отандық 

білім  беру  жүйесінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  тәрбие  үрдісінде 

пайдалану  педагогикалық  проблема  ретінде  қарастырылды  және  бұқаралық 

ақпарат  құралдарын  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдалануға  дайындаудың  шетелдік 

тәжірибесі  талданды.  Сонымен  қатар,  бұл  тарауда  болашақ  мұғалімдерді 

бұқаралық 

ақпарат 

құралдары 

арқылы 

тәрбие 


үрдісіне 

дайындау 

тұжырымдамасы мен моделі ұсынылады. 


 

13 


      «Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие 

үрдісіне  дайындаудың  педагогикалық  жүйесі»  атты  үшінші  тарауда  БАҚ 

арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындауға  жүйелілік  тұрғыдан  талдау  жасалып, 

болашақ  мұғалімдерді  БАҚ-тың  интерактивті-танымдық  бағдарламалары 

арқылы  және  баспасөз  материалдары  негізінде  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың 

мәні мен мазмұны ашылды. 

       «Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие 

үрдісіне  дайындау  бойынша  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстардың 

нәтижелері»  атты  төртінші  тарауда  жоғары  педагогикалық  оқу  орындарында 

болашақ  мұғалімдерді  БАҚ  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындауда  білім 

мазмұнын  жетілдіру  жолдары,  сондай-ақ,  болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие  үрдісіне  дайындаудың  әдістері  мен 

формалары  анықталды  және  мәселе  бойынша  тәжірибелік-эксперименттік 

жұмыстардың нәтижелеріне талдау жасалды. 



Қорытындыда зерттеу жұмысының қорытындылары, ұсыныстар берілді. 

Қосымшада зерттеу барысында пайдаланылған сауалнамалардың мазмұны, 

зерттеу  нәтижелерінің  тәжірибеге  ендірілуі  туралы  анықтамалар  мен  актілер 

берілді. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

 

Тәрбие жалпыға ортақ үрдіс болғандықтан, бұл үрдісте басты тәрбие және 

әлеуметтендіру  институттарымен  бірге  БАҚ  –  тың  қатысуы  аса  маңызды. 

Өйткені,  қазіргі  кезде  БАҚ-тың  қай  тұрғыдан  болсын  ықпалы  зор  болып 

отырғандығы  байқалады,  сондықтан  БАҚ-тың  педагогикалық  мүмкіндіктерін 

пайдалануды  тәжірибеге  ендіру  қолға  алына  бастады.  Тәрбие  мәселесі  отбасы 

мен  білім  беру  мекемелерінің  ғана  міндеті  емес,  ол  көпшіліктің  бірлесіп 

атқаратын  ісі  болғандықтан,  бұл  мәселемен  қоғамдық  ұйымдар,  мекемелер 

және  жұртшылық  болып  айналысқан  жағдайда  ғана  оң  нәтиже  болмақ.  Осы 

тұрғыда  пәнаралық  педогика  сөздігінде  берілген  «тәрбие  –  қоғамдық-тарихи 



тәжірибені  болашақ  ұрпаққа  берудегі  күрделі  әрі  қарама-қайшылықты 

әлеуметтік-тарихи үрдіс, ол барлық әлеуметтік институттардың: қоғамдық 

ұйымдардың,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының,  діни  мекемелердің, 

отбасының,  әртүрлі  дәрежедегі  және  барлық  бағыттағы  білім  беру 

мекемелерінің  қатысуымен  жүзеге  асырылады.  Ол  қоғамдық  прогресс  пен 

ұрпақтардың сабақтастығын қамтамасыз етеді»  деген анықтамамаға толық 

қосыламыз.  Олай  болса,  қоғамдағы  кейінгі  кезеңдердегі  өзгерістерге  орай 

тәрбие  үрдісінде  бұрыннан  мойындалған  басқа  әлеуметтік  институттармен 

қатар,  бүгінгі  күні  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  да  ролі  жоғары  болып 

отыр.  Зерттеу  проблемамыздың  нысаны  болғандықтан,  біз  үшін  ең  алдымен 

БАҚ-тың  тәрбиеге  қатысын,  мән-мағынасын  ашып  алу  маңызды  мәселе. 

Сонымен,  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  әртүрлі  әдебиеттерде  берілген 

анықтамаларға  мән  бере  отырып,  «БАҚ  –  баспасөз, радио, теледидар  сияқты 



көптеген каналдардың біртұтастығы, олар журналистика мен аудиторияның 

арасындағы  байланыстырушы  болып  табылады  және  журналистиканың 

басты құралы ақпарат беруді пайдалана отырып көптеген міндеттерді шеше 

 

14 


алады.  Ол  міндеттерге  аудиторияға  ақпарат  тарату  арқылы  білім  беру, 

дамыту, тәрбие беру т.б. жатады».  деген анықтамаға тоқталуды жөн көрдік: 

Зерттеу  жұмыстарына  талдау  жасаудың  және  әртүрлі  анықтау 

жұмыстарының нәтижесінде, балалардың көпшілігі БАҚ-ты өзін қызықтыратын 

сұрақтарға  жауап  алатын  білім  алу  көзі  деп  есептейдіндіктері  анықталды. 

Өйткені, бүгінде БАҚ-тың ауқымы кең, олардың назарынан тыс қалатын мәселе 

жоқ,  оның  ішінде  балалардың  ерекше  қызығушылығын  тудыратын  мәселелер 

де  аз  емес.  Оны  ақпарат  құралдарының  балалар  өмірінде  елеулі  орын 

алатындығын дәлелдеп жүрген пікірлерден, сонымен қатар олардың бала мінез-

құлқына  әр  түрлі  әсер  ететіндігі  туралы  мәселені  қарастырған  еңбектерден 

көруге  болады.  Бұл  еңбектерде  бүгінгі  күні  бұқаралық  ақпарат  құралдары 



қоғамдық пікірді анықтаудың және қалыптастырудың, сонымен қатар қоғам 

мүшелерін  тәрбиелеудің,  әлеуметтендірудің  ең  тиімді  және  әмбебап  құралы 

болып  отырғандығы,  сондай-ақ  оларды  дұрыс  пайдалана  білмеген  жағдайда 

кері  әсері  болу  мүмкіндігі  айтылады.  Ақпараттық  кеңістік  заманында  қазіргі 

жастар  мен  жасөспірімдер  қандай  да  бір  қажетті  ақпаратты  алуда  үнемі  БАҚ 

мүмкіндіктеріне  жүгінетіні  анық  мәселе.  Мемлекет  қазіргі уақытта  жастардың 

білім  алуы  мен  тәрбие  жұмысына  үлкен  мән  беріп  отыр  және  олардың  уақыт 

талаптарына лайық білім алып, өз отанына қызмет көрсете алатындай дәрежеде 

тәрбиеленгенін  талап  етуде.  Бірақ,  қоғамдағы  кездесетін  кейбір  келеңсіз 

жайттар  жасөспірімдерді  тәрбиелеудің  әлі  де  тиісті  дәрежеде  емес  екенін 

көрсетеді. Мұның кейбір себептерін ақпарат әлеміндегі үлкен өзгерістерден де 

іздеуге  болады.  Өйткені  ақпараттық  ғасырда  БАҚ-тан  әркімнің  қандай 

болмасын  ақпаратты  алуға  мүмкіншілігі  жоғары.  Сондықтан,  бүгінгідей 

ақпараттар ағынының заманында БАҚ-тың қызметін жоққа шығару қиын. Қазір 

жасөспірімдердің  көпшілігі  өздеріне  қажетті  ақпараттарды  теледидардан 

алатын  көрінеді.  Бірақ,  бүгінгі  күні  теледидардан  берілетін  кейбір 

бағдарламалардың  бала  психологиясына  кері  әсерінің  бар  екені  жиі  айтыла 

бастады. 

Сана-сезімі 

қалыптасып 

үлгермеген 

мектеп 

оқушысының, 



адамгершілік,  имандылық  сияқты  құндылықтардан  гөрі,  қатыгездікті  ашық 

насихаттайтын  бағдарламалар  арқылы  өмір  туралы  түсініктері  мүлде  басқа 

бағытта  даму  мүмкіндігі  жоғары  болып  отыр.  Демек,  ақпараттандыру 

заманында, оның зиянды ықпалынан қорғай отырып, бала санасының дамуына 



мейлінше тиімді тұстарын пайдалануға ұмтылу тәрбие беруші мекемелердің 

басты  міндеттерінің  бірі  болуы  шарт.  Ал  ақпараттану  үрдісін  зерттеуші 

ғалымдардың пікіріне сүйенсек, қазіргі қалыптасып отырған ақпараттық қоғам, 

бұл:  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияларды  дамытуға 

негізделген  қоғам;  адамға  және  мемлекетке  қажетті  білімнің  бәріне 

ақпаратты  кедергісіз  алу  арқылы  қол  жеткізуге  болатын  және  онымен 

жұмыс істей алатын шарты бар білім қоғамы; бір жағынан әлем мәдениетін 

қабылдай  отырып,  екінші  жағынан  өз  мәдениетінің  дамуына  жол  ашатын 

қоғам. 

Сонымен, қазіргі қалыптасып отырған жағдайда сырттан келетін ақпаратқа 

шектеу  қою  өте  күрделі.  Өйткені,  бұл  қадам  елдің  ақпараттық  және 

телекомуникациялық 

технологияларын 

дамытудағы 

қажеттілік 

болып 


 

15 


тұрғандықтан,  оларға  шектеу  қою  мүмкін  емес  және  мемлекеттің  әлемдік 

деңгейдегі  ақпараттық  қоғамға  енуінің  қажеттігі  бар  жерде  сырттан  келетін 

ақпаратқа  шектеу  қоюдың  өзіндік  қиындықтары  да  бар.  Олай  болса,  сырттан 

келетін  ақпаратқа  шектеу  қою  проблеманы  шешудің  жолы  емес.  Осындай 

объективті  және  субъективті  жағдайларға  байланысты,  соңғы  кездері  жиі 

айтыла  бастаған  ғаламдастыру  немесе  жаһандану  заманында  бір  жағынан 

ақпаратты  кедергісіз  алатын  қоғамның  орнауы  заңдылық  деп  табылса,  екінші 

жағынан  жеткіншектерді  ақпарат  тасқынының  кейбір  кері  ықпалдарынан 

сақтандыру  керектігі  қазіргі  уақытта  педагогикалық  тұрғыдан  көкейкесті 

проблема  болып  саналады.  Дегенмен,  қазіргі  кезде  аталған  проблеманы 

шешудің  жолдары  да  ұсыныла  бастады.  БАҚ-тың  жастарды  рухани-

иманыдылыққа  тәрбиелеудегі  орнына  аса  мән  бере  отырып,  еліміздің 

президенті  Н.Ә.Назарбаев  жастармен  кездесуінде,  рухани-имандылыққа 

тәрбиелеу  үшін  арнайы  телеарна  ашу  керектігін  ұсынды.  «Бұл  арнаны 

мемлекеттік  «Ел  арна»  арнасының  негізінде  құру  қажет,  ал  «Жас  Отан»  осы 

телеарнаның бағдарламаларын құруға және дайындауға белсене қатысуы тиіс» 

деп,  бұл  жауапты  істе  жастардың  өздерінің  де  жан-жақты  атсалысуын,  яғни 

олардың белсенділіктерін арттыруын тапсырды.  Елбасының ұсынысы арқылы 

БАҚ  және  тәрбие  мәселесі  бойынша  көптеген  еңбектердің  авторы,  ғалым 

Л.С.Зазнобинаның «тәрбие  мен БАҚ-тың  өзара байланысы  өзекті мәселе  және 

бұл  мәселеде  нақты  бір  талаптар  қойылып,  мемлекеттік  көзқарас 

қалыптаспайынша  оң  нәтижелерге  қол  жеткізу  қиын»  деген  пікірін 

растайтындығын  көреміз.  Ғалымның  пікірінше,  қазіргі  балалардың  теледидар 

көруге бөлетін уақытының ұзақтығы мектепте болатын уақыттан да асып түсіп 

отыр  және  оқушылар  мектепте  алған  білімнің  негізінде  қалыптасатын 

көзқараспен  салыстырғанда  теледидардан  алған  ақпаратын  екінші  біреумен 

қарым-қатынаста  жиірек  пайдаланады.  Балалар  ақпаратты  мектепте  білім  алу 

кезінде  немесе  ата-аналарынан  алғаннан  гөрі  теледидар  арқылы  алғанды 

ыңғайлы  көреді.  Әйтсе  де,  соңғы  кездегі  зерттеу  жұмыстарын  талдау 

барысында,  сондай-ақ  мектеп  мұғалімдері  мен  оқушылары  арасында 

жүргізілген  сауалнамалардың  қорытындыларынан  көретініміздей  БАҚ-тың 

оқушы  өміріндегі  ықпалдылығына  қарамастан  олардың  мүмкіндіктері, 

ықпалдылығы, әсері әлі де болса толыққанды ескерілмей отырғаны байқалады. 

Мысалы,  қазіргі  БАҚ-тың  оқушылардың  тәрбиесіне  ықпалы,  оның  жасөспірім 

өміріндегі орны туралы зерттеу жүргізіп жүрген ресей ғалымдары Л.М.Баженов, 

В.С.Собкин,  С.Б.Цымбаленко,  Л.С.Зазнобиналардың  келтірген  деректеріне 

қарағанда  балалар  ақпарат  алудың  негізгі  көздеріне  ең  алдымен  теледидарды 

бірінші  қатарға  қойған.  Жалпы  қағидаға  сүйенсек,  мектеп  оқушысы  үшін 

ақпарат  алу  көздері  газет,  журнал,  радио,  теледидар,  оқу  әдебиеттері  және  ең 

бастысы  мұғалім  екені  белгілі,  бірақ  сауалнама  қорытындылары 



көрсеткеніндей балалар аталғандардың ішінен теледидарды ең негізгі ақпарат 

көзі деп санайды екен. Ал жаһандану заманында сырттан келетін ақпараттарға 

ешбір  тосқауыл  қойылып  отырған  жоқ.  мұның  өзі  балалардың  БАҚ 

материалдарын ретсіз тұтынуына әкелді. Профессор А.Құсайынов бұл әрекетті 

медиазорлық  деп  санайды.  Ғалымның  пікірінше,  қоғам  балаларға  барлық 



 

16 


материалдық жағдайды жасай отырып, бірақ оларды агрессиядан қорғай алмай 

отыр. Осындай қарама-қайшылықтардың болу салдарынан қоғамдағы көптеген 

келеңсіздіктер  туындауда.  Бұдан  жасайтын  тұжырым,  бүгінгі  күні  жастар 

мен  жасөспірімдерді  тәрбиелеуде  негізгі  құрал  бола  алатын  БАҚ-тың 

тәрбиелік  ықпалын  пайдалануды  дұрыс  жолға  қою  аса  маңызды  мәселе. 

Өйткені, БАҚ жан-жақты мүмкіндіктеріне қарай көптеген функцияларды атқара 

алады.  Біз  ғалымдардың  БАҚ-тың  негізгі  функцияларын  топтастыруын  есепке 

ала  отырып,  өзіміздің  топтастыруымызды  жасадық.  Зерттеу  проблемамызға 

орай  біз  педагогикалық  үрдістегі  функцияларды  жүйелеуге  тырыстық. 

Педагогикалық  үрдістегі  функция  –  педагогикалық  процеске  арнайы 

ұйымдастырылған  және  мақсатты  түрде  пайда  болып  өмір  сүріп  келе 

жатқан  орын,  роль  дегенді  білдіреді.  Педагогикалық  процестегі  функциялар 

білім  берушілік  (білім,  іскерлік,  дағдыны,  мәдени  құндылықтар  жүйесін  беру 

арқылы), тәрбиелеушілік (тәрбие мен оқыту үрдісіндегі құндылық бағыттар мен 

қарым-қатынастар  жүйесін  қалыптастыру  кезінде  байқалады),  дамытушылық 

(тұлғаның  танымдық  психикалық  үрдісінде  дамуы  мен  қалыптасуын, 

логикалық  әдістердің,  операциялардың,  талдау-талқылау,  ойтоқтамының, 

танымдық  белсенділігінің,  қызығушылықтарын,  қабілеттерін  көрсетеді), 

әлеуметтендіруші  (бірлескен  іс-тәжірибені  меңгерумен,  қоғамдық  қатынастар 

мен  әлеуметтік  тұрғыдан  ыңғайлы  мінез-құлықты  иеленумен  көрінеді).  БАҚ-

тың тәрбие үрдісінде атқаратын функцияларының қай-қайсы да білім берушілік, 

тәрбиелеушілік,  дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  міндеттерді  жүзеге 

асыратыны  сөзсіз.  Аталған  функцияларды  жүзеге  асыра  отырып,  олар  білім 

беру жүйесінде айтарлықтай үлкен роль атқарады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

    Сурет 1− Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары 



 

БАҚ-тың  функцияларына  тоқталғанда  ерекше  атап  өтетін  мәселе,  ол 

теледидардың бір өзі ғана адам өмірінде бірнеше функцияларды атқаруға толық 

мүмкіндігі  бар  екендігі.  Сондықтан,  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруда  бұл 



Б

АҚ



ың

 фу

н

кц

и

яла

ры

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет