«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Гауһар. Нәзила. Сұлу жігітті жек көретінім жоқ. Оның үстіне ол иіссу жағып келеді. Нәзила



бет17/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Гауһар. Нәзила. Сұлу жігітті жек көретінім жоқ. Оның үстіне ол иіссу жағып келеді.
Нәзила. Қызық екен. Жұрттың бәрі көрікті жігітке ұмтылса, сен одан теріс айналасың. Сонда саған қандайы керек. Ақылды? Ұстамды? Байсалды? Тағысын тағылар ма? Онда ол жаңалық емес.
Нәзила. Адам жанының жұмбақ екенін білесің. Мен, әйел жақсы көретін қасиет, екі-үш ауыз сөзбен бітпеуі тиіс. Мен адам бойынан өзіме ұнайтын қасиет тапқым келеді. Бір адам, кешке ішерге асы жоқ, бірақ өмірге өлердей құштар. Ал бір адам. Алтыннан сарай салдырған, бірақ өзін-өзі асып өлтіруге даяр. Мен өзіме ұнайтын, онсыз өмір сүре алмайтын қасиет тапқым келеді Нәзила.
Нәзила. Таптың ба?
Гауһар. Таптым. Таптым Нәзила!
Нәзила. Ол кім? Тарих пәнінен сабақ беретін мұғалім бе?
Гауһар. Жоға.
Нәзила. Енді кім? Сен басқалармен сөйлеспеуші едің ғой.
Гауһар. Сен, сен ренжімеймін деп уәде берші. Әйтпесе айтпайм.
Нәзила. Ренжімейм. Саған ренжіп жын ұрыппа. Айтшы қане.
Гауһар. Мен, мен Омарды....
Нәзила. Омарды... Әй, әй қалай? Неге Омарды? Сен онымен тілдеске емессің ғой.
Гауһар. Өзің айтшы. Тілдесу міндетті ме?
Нәзила. Әрине міндетті емес. Тіпті әрбір ден соң, шартты емес.
Гауһар. Нәзила. Сен кешірші мені. Мен. Жоқ сен барғой, егер сен өкпелесең бәрінде ұмытам. Иә ұмытам.
Нәзила. Жоқ. Мен саған өкпелемеймін. Бірақ барғой біртүрлі. Менің ең жақын ағам, ең жақын досыыыым мммм хе хе хе. Бәлкім бұлда дұрыс шығар аааа.
Гауһар. Білмейм.
Нәзила. Ооо міне, міне! Мұндай сұраққа келгенде ешкім ештеңе білмейтін болып шығады. Диалектикалық материализм тұрғысынан қарағанда деп жүріп біздің Омекең... ааа
Гауһар. Жо-жоқ. Олай деме. Ол менің не ойлап жүргенімді ол бейхабар.
Нәзила. Солай ма?
Гауһар. Иә.
Нәзила. Енді қайтесің? Хат жазасың ба?
Гауһар. Тууу Нәзила. Сен кісіні өліп жатса да келемеждеуді қоймайсың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет