Нәзила. Мінезім солай. Не тапсам да барғой, тілімнен табатын шығармын. Бірақ барғой маған айтқаның жақсы болды. Мен саған шын жүрегіммен тілектеспін.
Гауһар. Рақмет Нәзила. Нәзила. Көп жасаа, иманды бол демегеніңе құдайға шүкір. Гауһар бізің Омар қайда барады. Егер сен сүйемін десең, ол саған... дұрыс деп жауап береді. Хааа.
Гауһар. Нәзила, Нәзила-ау. Арзандатпасаңшы.
Нәзила. Ооо міне, міне. Туған қарындасын шеттетудің алғашқы нышаны да байқалды. Сонда мен, сонда мен қайтпекпін.
Гауһар. Нәзила, Нәзила сенің де жігітің бар ғой. (Екі құрбы құшақтасады. Осы кезде Қамажай келеді)
Қамажай. Зауытқа бардым. Теміржанға ет пісіріп апардым.
Нәзила. Неменеу, ауруханада жатыр ма еді. Әйелі бар, үйінен ішсін.
Қамажай. Ішеді ғой, ішеді ғой. Қайда барады дерсің? Уақыттары жоқ екен, тамақты асханадан ішіп жүр екен. Уух. Кешір мамуля дейді. Сағынады ғой, қайда кетеді дейсің. Көзі шүкірейіп кетіпті. Үүх.
Нәзила. Үйге келемін деп айтты ма?
Қамажай. Иә, кешке қарай барармын, айтатын әңгімем бар дейді. Өткенгі ге өкініп жүрген шығар. Ойбай-ау, ойбай-ау сендер тамақ іштіңдер ме?
Екеуі: Тууу бізді қайтесіз.
Нәзила. Сіз әббден шаршадыңыз, демалыңыз.
(Осы кезде Омар келеді)
Омар. Әпке, әпкеее сүйінші. Сүйінші әпке, сүйінші әпке. (Гауһарға қарап) Саламатсыз ба?
Гауһар. Саламатсыз ба?
Омар. Нәзила, Нәзила!
Нәзила. Ау!
Омар. Мә оқып жіберші, оқып жіберші.
Нәзила. Не ол?
Омар. Телеграмма, телеграмма.
Нәзила. Оқышы тез, оқышы тез.
Нәзила хатты оқиды.
Хат. Алматы қаласы, проспект Абай. Жүз жетінші үй, 17-пәтер. Оспановқа. Құрметті Омар Искакович. Ооо Искакович. Сіздің жұмысыңбен танысып шыққан соң, оны қанағаттанарлық деп тауып, философия ғылымдарының кандидаты деген атақ алу үшінғ диссертация қорғауға шешім қабылдады. Диссертация осы жылдың он алтыншы августінде Москва мемлекеттік университетінің акт залында өтеді. Сапарың сәтті болсын. Профессор Григорийй.