«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Нәзила. Омааар! Воот молодшина! Әпке, әпке сіз не қуанбайсыз ба? Құтықтамайсыз ба? Қамажай



бет19/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Нәзила. Омааар! Воот молодшина! Әпке, әпке сіз не қуанбайсыз ба? Құтықтамайсыз ба?
Қамажай. Жеттік қой, жеттік қой. Әйтеуір жетікқой, жетікқой, жеттікқой. Құтты болсын жарығым, құтты болсын жарығым. Құтты болсын!
Нәзила. (Гауһарға қарап) Сен не қуанбайсың ба?
Гауһар. Мен.... мен...
Нәзила. Мен-менді қоя тұр. Мұндай сәті түсе бермейді.
Гауһар. Құттықтаймын.
(Екеуі қол алысады)
Омар. Сіздерге не болған... ммм кешіріңіз. Мен жалпы диссертация қорғап келгендей.
Нәзила. Қорғайсың, қорғайсың. Сен сияқты білімді жігіт неден сүрінеді ааа. Қорғайсың.
Қамажай. Ойбай-ау, бүгін қандай күн?
Нәзила. Омар. Он үшінші август.
Қамажай. Уоооо. Жетіп те қалған екен ғой.
Нәзила. Сіз не тағы да жұмыстан сұранайын деп отырсыз ба?
Қамажай. Ойбай-ау әрине сұранам. Жолға дайындалу керек. Жол жабдығын жасау керек қой, әрине сұранамын.
Нәзила. Әпкем ертең тағы да жұмысқа шықпайтын болды. Ураааа!
(Осы кезде Темірбек үйге келеді)
Қамажай. Теміржан! Теміржан жарығым-ау. Теміржан келе ғой жарығым, келе ғой.
Темірбек. Бұл не жиын?
(Нәзила Темірбектің үстіне үңіліп)
Нәзила. Костьюмің құтты болсын е! Өзің сатып алдың ба әлде, анау мысығың әперді ме а? Жаңа ғана көзі шүңірейіп, азып-тозып кетіпті деп еді, азған дәнегесі де жоқ, қайта толып келе жатырғой.
Қамажай. Жарайды, жарайды. Қарындасыңның мінезіне үйренген шығарсың. Отыр. Отыр. Отыр.
(Темірбек енді отыра бергенде Нәзила столды тартып алады)
Қамажай. Теміржааан! Омар Москваға диссертациясын қорғауға барадыыыыы.
Нәзила. Қорғауға, қорғауға
Қамажай. Қорғауға, қорғауға....
(Темірбек Омарды қуанғаннан құшақтап алады)


8-көрініс
(Қамажай стол басында бір өзі отырып, бауырларын күтіп отырады. Ермекжан кіріп келеді)
Ермек. Мамуля, мамуля.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет