Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады



бет61/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

Сабақты бекіту:
1. Келесі заттардың сұйытылған ерітінділері берілген: тұз қышқылы ,натрий сульфаты, калий карбонаты ,барий гидроксиді, күміс фториді. Қосымша реагенттерді қолданбай ,бұл заттарды қалай анықтауға болады?
2. Нөмірленген 5 сынауықта натрий тұздарының: карбонат, гидрокарбонат, гидрофосфат және дигидрофосфаттың сулы ерітінділері берілген. Әр сынауықтағы заттарды анықтаңыздар. Реакция теңдеуін жазыңыздар.


Үйге тапсырма:
Сыртында жазуы жоқ 4 сынауықта мына заттардың судағы ерітінділері берілген: күйдіргіш натр, тұз қышқылы, сақар (калий карбонаты) және алюминий сульфаты, әр сынауықтағы ерітінділерді анықтаудың әдісін анықтап реакция теңдеуін малекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеу түрінде жазындар.


33 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сапалық анализге арналған тәжірибиелік есептерді шешу
Сабақтың мақсаты:
Сбақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
жаңа материалды меңгерту
Нөмірленген 5 сынауықта мына заттардың судағы ерітінділері берілген: барий хлориді, куміс нитраты, натрий сульфаты, натрий карбонаты, хлорсутек қышқылы. Қосымша реактивтердің комегінсіз қай сынауыққы қай заттың ерітіндісі құйылғанын табыңыздар. Барлық жүретін реакциялардың толық молекулалық және қыс қаша иондық теңдеулерін жазыңыздар.
Шешуі:
1-қадам.

Алдымен төмендегідей теориялық кестеге құрамыз.






BaCl2

AgNO3

Na2SO4

Na2CO3

HСl

BaCl2

*

AgCl

BaSO4

BaCO3

-

AgNO3

AgCl

*

Ag2SO4

Ag23

AgCl

Na2SO4

BaSO4

Ag2SO4

*

-

-

Na2CO3

BaCO3

Ag23

-

*

CO2

HCl

-

AgCl

-

CO2

*

Кейде әрекеттесу нәтижелері реагенттерді қосу ретінде байланысты болғандықтан (нені неге құю керек?) жоғары горизонталь бағанадағы реагенттерге қосылады деп есептейміз.
Мұнда теориялық кестедегі заттардың формулаларының орнына заттар құйылған сынауықтардың нөмірлерін жазамыз. Кестені толтырған кезде оның қиылыстарына нөмірленген сынауықтарды бір біріне құйған кезде байқалатын эффектерді шартты белгілермен белгілейміз. Берілген заттарды өзара әрекеттестіру кезінде байқалатын эффектер төмендегідей:




№1

№2

№3

№4

№5







№1

-







-

4

BaCl2

№2



-










AgNO3

№3





-

-

-

2

Na2SO4

№4





-

-



2

Na2CO3

№5

-



-



-

3

HCl

Тәжірибе кезінде барлық тиісті сапалық реакцияларды жасаудың қажеті жоқ.Мысалы, барий хлоридіне күміс нитратын қоссақ та байқалатын эффектілер бірдей болады. Сондықтан ондай екі тәжірибенің орнына екеуінің біреуін ғана жасап, кестені толтырғанда екеуіне де жазуға болады. Кейбір заттар оған құятын заттардың артық мөлшерінде ериді.Мысалы, мырыш хлоридіне натрий гидроксидін қосқанда алдымен мырыш гидроксиді тұнбаға түседі, ал натрий гидроксидінің артық мөлшерін қосқанда түскен тұнба еріп кетеді. Керісінше, ондай эффект болмайды. Сондықтан,мұндайда кейбір заттардың ондай қасиеттерін ескеру керек. Ол үшін теориялық білімді жетілдіру керек. Әрине, кім де болса неғұрлым аз сынақпен соғұрлым көп заттарды анықтауға тырысады. Дегенмен,бірнеше сапалық реакциялар оң нәтиже бергенде ғана берілген зат дұрыс анықталды деп есептеу керек.
Реакция теңдеулері:
Барлығы5*5=25 реакция ,оның бесеуі заттардың өзді өзімен , сонда қалатын 20 реакция. Көп жағдайда (ылғи емес) №1 сынауықтағы затты №2 сынауыққа құйғанымен керісінше №2 сынауықтағы затты №1 сынауыққа қосқандағы эффект бірдей. Демек, қарастыратынымыз 10 реакция. Теориялық кесте бойынша оның тек жетеуінде ғана көзге көрінетін эффектілер байқалады. Біз сол 7 теңдеуді ғана молекулалық және иондық түрде жазуымыз керек. Егер есептің шартында молекулалық теңдеуді жазыңыздар деп айтылмаған жағдайда ғана , оларды жазбауға болады. Сондықтан есептің шартын өте мұқият оқу керек.
1.Ag+ +Cl -=AgCl
2.2Ag+ + CO3-2 =Ag2CO3
3.2Ag+ + SO42- =Ag2SO4
5.2H+ + CO32- = H2O + CO2
4.Ag+ + Сl- = AgCl
6.Ba2+ + SO42- = BaSO4
7.Ba2+ + CO32- = BaCO3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет