Типтік есептер шығару үлгісі.
мысал. Құрамында 0,64*10-2 моль ОН- ионы бар 4 л ерітіндінің рН мәнін есептеңіздер.
Шешуі:
ОН- ионының концентрациясын есептейміз:
(0,64*10-2 моль)/4л = 1,6*10-3моль/л.
рОН=lg(1,6*10-3моль/л)=-(2,8)=2,8.
рН+ рОН=14,0,
Онда: рН=14,0-2,8=11,2.
2– мысал. Ерітінділердің рН мәнін төмендету үшін рН= 3,5 тең 2 л ерітіндіге қанша грамм сірке қышқылын қосу керек
Шешуі:
рН=-lg[Н+];[Н+]=10–рН =10-3.5=3.2*10-4моль/л.
Сірке қышқылының диссоциациялану теңдеуінен сірке қышқылының концентрациясын табамыз (Кд(СН3СООН)=1.86*10-5):
К= [Н+][СН3СОО-] // 3.2*10-4*3.2*10-4 //
[СН3СООН]=1.86*10-5 х-3.2*10-4 =1.86*10-5
Бұдан: х=5.69*10-3моль/л. Соңғы ерітіндіде рН=3 және [Н+]=10-3моль/л. Диссоциациялану константасын табатын теңдеуге сутек ионының (10-3 моль/л), ацетат ионының (10-3 моль/л) және диссоцацияланбаған қышқыл молекуласының (у-10-3)моль/л тепе-теңдік концентрацияларын қойып, мынаны аламыз:
10-3*10-3 //
У-10-3 =1.86*10-5,
Бұдан: у=5.5*10-2моль. Сәйкесінше 1 ерітіндіге 5.5*10-2-5.69. 10-3 5*10-2 қосу керек. 2л-0.1 моль, немесе 6г СН3СООН.
3-мысал. рН=1 және рН=2 күшті қышқыл ерітіндісінің бірдей көлемдерін араластырды. Алынған ерітіндінің рН мәнін есептеңіздер.
Шешуі:
Бірінші ерітіндідегі сутек ионының концентрациясы 10-1моль/л, екіншісінде 10-2моль/л. Бірдей көлемді араластырғанда екеуінің концентрациясын да екі есе азайды. Сутек ионының соңғы концентрациясы 5.5*10-2моль/л тең. рН=1.36.
4-мысал. рН=10 болатын ерітінді алу үшін, рН=3 күшті қышқыл ерітіндісі мен рН=12 сілтіні қандай көлемдік қатынаста араластыру керек?
Шешуі:
Қышқылдың көлемін х л, ал сілтінің көлемін у л деп белгілейік. х л қышқыл ерітіндісінде 10-3моль сутек ионы, у л сілтіде 10-2моль гидроксид ионы бар. Қышқыл және сілті ерітінділерін араластырғанда бейтараптану реакция жүреді. Соңғы ерітіндіміз сілтілік орта болғандықтан құрамында 10-4моль/л гидроксил иондары бар.
Пропорция құрамыз:
(х+у) л ерітіндіде (10-2у-10-3х)моль ОН- ионы бар
Достарыңызбен бөлісу: |